Арқалық аспанында ән қалықтағанда

Выпуск - №10(607)   :   15.03.2024
570
2


Арқалық қаласындағы Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің қабырғасында, саз бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес, «Музыка – жүрек тілі» тақырыбында дәстүрлі музыка онкүндігі өтті.

Пән әдістемелік комиссия жетекшілері А.Қабылдина мен Н.Маранова онкүндікті жоғары деңгейде ұйымдастырды. Жоспарланған іс-шаралардың орындалуына ұстаздар мен білім алушылар белсенді атсалысты. Онкүндік аясында өткізілген ашық сабақтарында оқытушылар жаңартылған бағдарламаға сәйкес интербелсенді әдістерді, АКТ-ны ұтымды қолдана білді. Лекция-концертер мен қалалық деңгейде байқаулар да ұйымдастырылды. Бекітілген жоспар аясында ақпанның 12-сінде студенттеріміздің қатысуымен «Музыка жүрек тілі» тақырыбында онкүндіктің ашылуы болды.
Алғашқы күні Ләззат Досжанова студенті Жазира Балғабекке «Е.Брусиловский «Алтынай» тақырыбындағы ашық жеке сабағын өткізді. Онда шығарманың музыкалық стиліне, «Алтынай» шығармасының шығу тарихына тоқталып, шығарма арқылы техникалық штрихтармен жұмыс жүргізілді. Келесі күні «Халық композиторлары мен қазіргі композиторларының күйлері» атты ашық сабақты Бораш Әбенов білім алушысы Нұрсая Амандықпен өткізді. Сабақта күйлердің байланысына тоқталып, домбыра аспабы мен күйсандықта «Шаттық отаны» шығармасында техникалық штрихтарға тоқталды.
Онкүндіктің үшінші күні музыка пәнінің оқытушылары Ақмарал Қабылдина мен Гүлмахаббат Нұрғалиева музыка бөлімінің 2 және 3-курс студенттерінің қатысуымен «Күй құдыреті» атты қазақтың дүлдүл күйшілеріне арналған тәрбие сағатын өткізді. Композиторлардың күйлерінің шығу тарихына тоқталып, «Адай», «Жұмыр қылыш», «Арпалыс», «Арба соққан», «Сарыарқа» және басқа да күйлер орындалды. Келесі күні Дина Нұрпейісованың күйі «Әсем қоңырға» арналған ашық сабақты Нағашыбай Шакиров студенті Бимағанбет Едігеевпен өткізді. Сабақта күйшінің өмірбаянына, күйдің шығу тарихына тоқталып, ойналу шеберлігін талдады.
Артынша музыка пәнінің оқытушылары Ерлан Шакиров пен Гүлдана Беккожинаның «Қазақтың ұлттық аспабы домбыра мен қобыз аспабының үндестігі» лекция-концерті сияқты мағыналы да тағылымы зор сабақтарымен онкүндік жалғасын тапты. Сабақ барысында оқытушылармен бірге 3-курс студенті Айдана Балғабек Е.Үсеновтың «Кербез сұлу» шығармасын орындады. Ал, Гүлдана Амангелдіқызының орындауындағы А.Жайымның «Сағыныш», Карл Дженкинстің «Палладио», Абай атамыздың «Көзімнің қарасы» шығармалары қобыздың үнімен қатысушыларға ерекше әсер берсе, Ерлан Асқарұлының орындауындағы Б.Ақтаевтың «Арнауы» домбыраның үнімен үйлесім тапты.

1

Жоспарлы іс-шаралардың жалғасы ретінде апалықты музыка пәнінің оқытушысы Мейрамғали Қонысбайұлының «Күй – адамның рухани қазығы» атты күйшілер байқауы жалғады. Шарада студенттеріміздің орындауында Тәттімбеттің «Былқылдақ», А.Жайымовтың «Шаттанамын», «Дайрабай», Қадыр Мырза Әлидің «Қазақ осы» әні және басқа да шығармалар орындалды. Онкүндікті әрмен қарай «Музыкалық өнердегі заманауи үрдістер» тақырыбында хор бөлімінің оқытушылары жалғастырды. «Хор мәдениеті» тақырыбында оқытушылар Маргарита Тюрикова мен Динара Шушаева музыкаға байланысты әртүрлі сұрақ-жауапқа негізделген зияткерлік кеш өткізді.
«Рондо формасы және оның тарихи бағыттағы түрлері» атты ашық сабақты Роза Газизова 3-курс студенттерімен өткізді. Ал, Куаныш Елеупова, Наталья Маранова, Римма Бондаренконың ұйымдастыруымен өткізілген «Дала әуендері» атты қалалық пианистер байқауы онкүндікті әрлендіре түсті. Байқауға қатысушы әр бала тыңғылықты дайындалып, өздерінің аспапта ойнау шеберліктерін көрсете білді.
Нәтижесінде үздіктер жас ерекшеліктеріне қарай марапатталды. 6-10 жас аралығында: III орынды – Аяна Карбозова, Айханым Мадиқызы, Дильназ Мұратбек, Ақбота Мұратбек, II орынды Назар Черепанов, ал I орынды Жулдызай Менбаева иеленді. 11-15 жас аралығында: III орынды – Дильназ Муратбек, Айзере Кәкі, Александра Микильсон, II орынды – Альмира Сайлаубек, Амина Тулентаева, Маржан Ескермес, Дайана Таухметова, Алихан Әбдiбек, ал I орынды – Юлия Халитова, Милани Нуриева, Кира Филоненко қанжығалады. 16-20 жас аралығында: III орынды – Нұрбибі Орынбасар, Нұрсәуле Қабденова, II орынды – Айжан Сейткожина, Аяулым Әбдiбек, Дильназ Саутбаева жеңіп алды.
Танымдық онкүндік Айнұр Копбаева мен Мария Рябчинскаяның ұйымдастыруымен өткен «Кино Вand» атты қалалық вокальдық ән байқауымен жалғасты. Онда қала колледждерінің ұстаздары мен студенттері жұп болып бақ сынасты. Сайыс нәтижесінде Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінен Роза Ғазезова мен Аллара Сабиржанова және де Венера Исмагулова мен Тұрсын Қабдеш, сондай-ақ Арқалық көпсалалы колледжінен Ақбота Үмітқали мен Әділ Мұратбек жұбы III орынды иеленді.
Арқалық арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығынан қатысқан Айгерім Башаева мен Ұлан Абдиев және де Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінен қатысқан Ақжарқын Насрединова мен Ақгүлім Бектурсынова II орынды қанжығалады. Ал, Арқалық медицина колледжінен қатысқан Уалихан Қонысбаев пен Ақмарал Қасымхан және Аграрлық политехникалық колледжді атынан бақ сынаған Асылай Кабылдина мен Аруна Камалова I орынды жеңіп алды.
Барлық ашық сабақтар мен сабақтан тыс іс-шараларға колледж әдіскері Сануғаш Алматова қатысып, талдау жұмысын жүргізді. Оқытушының кәсіптік шеберлігін жетілдіру үшін қажетті ұсыныстарын да білдірді. Онкүндіктің соңғы күні белсенді қатысқан студенттеріміз мадақтау қағаздарымен марапатталып, Кенжебек Айтмағанбет пен Рустем Аюбеков «Музыка – жүрек тілі» атты қортынды ән кешін өткізді. Сазды кеште колледіміздің студенттері мен ұстаздары ән, би, күй жанрлары бойынша өз өнерлерін ортаға салды.

Айгүл БУЛЕКОВА,
Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің музыка
бөлімінің меңгерушісі,

Ақмарал КАБЫЛДИНА,
колледждің музыкапәнінің оқытушысы,
Арқалық қаласы

Реклама

Не тот учитель, кто получает воспитание и образование учителя, а тот, у кого есть внутренняя уверенность в том, что он есть, должен быть и не может быть иным. Эта уверенность встречается редко и может быть доказана только жертвами, которые человек приносит своему призванию.
Если учитель имеет только любовь к делу, он будет хороший учитель. Если учитель имеет только любовь к ученику, как отец, мать, он будет лучше того учителя, который прочёл все книги, но не имеет любви ни к делу, ни к ученикам. Если учитель соединяет в себе любовь к делу и к ученикам, он совершенный учитель.