Арқалық қаласының алтын жастары

Выпуск - №1-2(549-550)   :   19.01.2023
844

Кез келген ел өзінің келешегін өскелең ұрпағымен байланыстырады. Ендеше, жасампаз еліміздің жалынды жастары қандай? Осы сауал төңірегінде Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің үлгісінде ой өрбітсек.

Жыл қорытындысы бойынша жастарымыз білім ордамыздың абыройын асқақтатты. Мәселен, Арқалық қаласы жастарының Алтын кітабы жаңа есімдермен толықты. Аталмыш іс-шара әр түрлі салада халықаралық, республикалық, облыстық, деңгейде үлес қосқан және қаламыздың намысын қорғап жүрген жастарымызды насихаттау, қолдау мақсатында қолға алынған бірегей жоба. Бұл жолы Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің студенттері Роза Қуанышбай «Жас ғалым» номинациясын иеленсе, Әйгерім Дәулетәлі «Жас көшбасшы» номинациясымен марапатталды. Жастарға марапатты Арқалық қаласының әкімі Әмірхан Біркенұлы өзі табыстап, алдағы мақсаттарына сәттілік тіледі.

Жоғарыда айтып өткеніміздей, біздің еліміз де жастарға үлкен сенім артып, олардың келешегін ел болашағымен тікелей байланыстырған. Сондықтан еліміздің дамуына елеулі үлес қосып келе жатқан жастарымызды көпшілікке үлгі еткен жөн. Осы орайда, біздің Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінде жыл сайын сан салада жетістігімен көзге түсіп, жеңістің шыңына шыққан жастарды марапаттау дәстүрге айналған. Білім ордамызда өткен жылдың қорытындысы жасалып, үздіктердің үздігін анықтайтын колледж жастарының «Алтын кітап» иегерлерін марапаттау салтанатты кеші өтті.

«Алтын кітапқа» енген ескірмес есімдер – түрлі тартыстарда топ жарып жүрген таудай таланттар, абыройы асқақ азаматшалар. Салтанатты шарада абыройлы марапатқа ие болған студенттерді колледж директоры Алматова Сандуғаш Орекенқызы құттықтады. Сонымен биылғы жылдың үздіктерімен таныс болайық. «Мәдениет және өнер» саласындағы жеткен жетістіктері үшін Сейткожина Айжан Узаққызы, Саутбаева Дильназ Нүркенқызы марапатталса, «Жас ғалым» номинациясына Есқали Гүлімжан Рауанқызы енгізілді.

«Спорт» саласындағы ерекше еңбегі үшін Сәулет Салықұлы, Дүйсенбы Айым Ержанқызы, Орал Шалқар Ғабитұлы иеленсе, «Білім» номинациясына Қарақат Ғибатқызы енді. «Жастар көшбасшысы» номинациясы бойынша Тасмуратова Медина Шамильевна, Нағашыбай Гүлсезім Айбатқызы, Адибекова Гаухар Бауржановна марапатталды. «Алтын кітап» иегерлерін шын жүректен құттықтаймыз! Жыл сайын бұл бастама жалғасып тауып, үздік өрендердің қатары толыға берсін! Біліммен қаруланған, бәсекеге қабілетті жастарға артар сеніміміз мол!

Ниязбек ОРАЗОВ,
Н.Құлжанова атындағы
Торғай гуманитарлық колледжі
жастар ісі жөніндегі
комитетінің төрағасы,
Арқалық қаласы

Реклама

Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.