Қазақ даласы – талай тарихи кезеңдердің куәгері. Иә, өткен ғасырдағы кеңес үкіметінің солақай саясатының зардабы қазақ даласын айналып өтпеді. «Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болған» алаштықтар бүгінгі бейбіт күн жолында құрбан болды.
.jpg)
Есімдері ел жадында сақталған тұлғаларды ұлықтау мақсатында Арқалық қаласындағы Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің жастар ісі жөніндегі комитеті тағы бір игі шараға себепкер болды. Жыл сайын мамырдың 31-і күні атап өтілетін Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай мақала тақырыбымен аттас, яғни «Әрқашанда ұмытылмас асылдар» тақырыбында арнайы акция өткізілді.

Акция барысында білім ордамыздың белсенді жастары қала тұрғындарына 100 дана үнпарақ таратып, асыл тұлғаларымызға тағзым ретінде ескерткіштерге гүл шоғын қойды. Тарихи деректерге сүйенсек, Қазақстанда 103 мыңнан астам адам қуғын-сүргінге ұшырап, 25 мыңнан астамы ату жазасына кесілген. Олардың арасында қазақ зиялы қауым өкілдері: ғалымдар, мәдениет және саясат саласының қайраткерлері де болды. Сонымен қатар қазақ даласының бір емес, екі мәрте ашаршылыққа ұшырағанын да айтпай өтуге болмас. Бұл халқымыз үшін орны толмас нәубат әкелді.
.jpg)
Атам қазақ айтады: «Елу жылда ел жаңа, жүз жылда қазан» деп. Бұл жердегі «қазан» сөзінің арабша мағынасы жүз жылдықтың атауын білдіреді екен. Яғни, «қазан – жүз жылда бір ғасыр болады» дегенге саяды. Ал елу жылда екі ұрпақ ауысып үлгеретіндіктен елдің көзқарасы, ұғымы, ұстанымы мүлдем жаңаратындығы табиғи шындық. Ұрпақ ауысады, қоғам алмасады. Тәуелсіздік таңында туған, санасы коммунистік идеологиямен уланбаған жаңа буын – Алашын танып, оның идеясына сусап өсіп келеді. Бұл ұрпақ Алашты шын жоқтап, шын сағынатын буын боларына сенеміз.
Ниязбек ОРАЗОВ,
Н.Құлжанова атындағы
Торғай гуманитарлық колледжі
жастар ісі жөніндегі
комитетінің төрағасы,
Арқалық қаласы
Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.