Жаңашылыққа жаны құмар, дарынды әрі талапты жастар жыл сайын «Студенттік көктем» облыстық фестивалінде бас қосады. Жаңа таныстық орнатып, өзара достыққа шақырған дәстүрлі шараның өткізіліп келе жатқанына биыл 26 жыл.
Қостанай облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында өткен «Студенттік көктем-2022» фестиваліне қатысуға жалпы саны 32 колледжден өтініш келіп түскен. Елдегі ахуалға байланысты екі жыл бойы онлайн форматта өткізілген шараның биыл жастарға жаңа тыныс, жаңа леп сыйлағаны рас. Өңіріміздің түкпір-түкпірінен: Қостанай, Арқалық, Рудный қалаларынан, Сарыкөл, Федоров, Меңдіқара, Қарасу және басқа да аудандардан жиналған 32 команда жастары бар өнерлерін ортаға салды. Әрбір қатысушы өзінің колледжінің атауы бар футболкалар мен бейсболкаларды киіп, арнайы бір атрибутын тағынғандықтан қайдан екенін аңғару қиын болмады.
Қостанай облыстық білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім берудің әдістемелік кабинеті және «Социум & Я» ҚБ бірлесіп ұйымдастыруымен өткен фестиваль патриоттық және рухани-адамгершілік тәрбиесі, жастардың қарым-қатынасы мен тәжірибе алмасуы үшін жағдай жасау, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруды жетілдіру мақсатында өткізілді.
– Жылдағы дәстүрге айналған «Студенттік көктем» фестивалі осымен 26-ыншы мәрте облыс колледждерінің студент жастарының басын қосып отыр. Ашылу салтанатынан бастау алған шара жастарға қызықты болар түрлі іс-шаралармен жалғасын тапты. Биылғы шара студенттік жастар көшбасшыларының бастамасымен «Золотой фазан» кешенінде, ашық аспан астында өткізіліп отыр. Қазақстандағы Балалар жылына арналған фестивальге әскери-патриоттық бағыттың таңдалуы да тегін емес, – дейді Білім басқармасының ТжКБ әдістемелік кабинетінің маманы Айнур Жаинбаева.
Ашық аспан астында өткен фестивальдің бағдарламасы студенттердің көшбасшылық кеңестері ұсынған түрлі іс-шараларды қамтыды. Фестивалінің ашылу салтанатынан бастау алған іс-шаралар жалғасын тауып, өңір колледждерінің 32 делегациясы «Табысқа апарар жол» шебер-сыныбына, әскери-патриоттық эстафетаға, би батлына қатысып, «Бұл менің колледжім» атты кәсіби бағдар беру көрмесін ұйымдастырды. Шара жастардың «Біз – патриоттармыз» атты гала-концертімен аяқталды. Өзіне нық сенімді, талантты жастар әуелетіп ән шырқап, флешмоб биледі, күмбірлетіп домбырада күй шерттіп, гитарада өлең де айтты. Отанына, туған жеріне арнап мәнерлеп тақпағын оқып, жиналғандардың қошеметіне де ие болды.
Қостанай жоғары политехникалық колледжінің командасы
Қостанай ауыл шаруашылығы колледжінің командасы
Фестиваль нәтижесінде бірінші орынды Қостанай ауыл шаруашылығы колледжі және Қостанай жоғары политехникалық колледжі қанжығасына байлап, арнайы кубоктарға ие болды. Екінші орынды Ы.Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжі және Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі иеленді. Ал жүлделі үшінші орын Қостанай автомобиль көлігі колледжі мен Қазақстан агротехникалық колледжіне бұйырды. Сондай-ақ икемділіктерін көрсетіп, би батлында алға шыққан Ы.Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжі мен Қостанай педагогикалық колледжі марапатталды. Сондай-ақ барлық колледждердің командалары қатысқандығы жөніндегі сертификатқа ие болды.
– Қостанай ауыл шаруашылығы колледжіның осы фестивальге қатысып келе жатқанына үш жыл болды. Екі жыл қашықтан өткізілгендіктен, биылғы шара жастарымызға ерекше болғаны рас. Жыл сайын бірінші, екінші орындарды қанжығалап келеміз. Биыл да биіктен көрініп, біздің «Разведчик» әскери-патриоттық клубының студенттері 1-орынға ие болып отыр. Білім ордамызда 2016 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан клубтың мүшелері түрлі деңгейдегі спорттық сайыстардың жеңімпаздарының алдыңғы қатарында келеді, – дейді колледж басшысының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Әлия Жабақова.
Фестивальге жыл сайын қатысып, әжептеуір тәжірибе жинап қалған студенттермен қатар биыл алғаш рет келіп отырған жастар да болды. Қостанай ауыл шаруашылығы колледжінің 1-курс студенттері, судың қос тамшысындай ұқсас егіз қыз бала Карина мен Зарина Еркебай аталған білім ордасындағы «Разведчик» әскери-патриоттық клубына мүше болып қосылып, биыл алғаш рет қатысып, бірінші орынды қанжығалап кеткеніне дән риза. Жастардың басын қосып, жаңа таныстық орнатуға ықпал ететін осындай іс-шаралар көптеп өткізілсе екен деген ниетте. Расында да, фестиваль қатысушыларының ойы бір арнаға тоғысты: жастардың осындай іс-шараларға қатысуы жоғары адамгершілік қасиеттерді, азаматтықты және белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастырады.
Тарихқа көз жүгіртер болсақ, фестивальдің бастауында облыс колледждерінің студенттері, директорлары және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары тұрды және 26 жыл бұрын бастамашы болған тұлғалар іс-шараның ашылу салтанатына қатысқанын айта кеткен жөн. Солардың бірі – педагогикалық еңбек ардагері, «Құрмет» орденінің иегері, колледж директорлары кеңесінің бірінші төрағасы, жалынды студенттердің бастамасын мақұлдаған Колпаков Виктор Петрович, 26 жыл бойы ұйымдастыру комитетінің құрамында келе жақан ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері, «Құрмет» орденінің иегері Локаченко Ирина Владимировна. Сондай-ақ бастама көтерген жандардың қатарында студент жастар мен колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары да бар. Осы тұста Жанарстанова Дина Болатовнаны атап өтсек ләзім.
Осылайша дәстүрлі түрде мамыр айының жайма-шуақ күндерінде өтетін фестиваль көздерінде жалыны бар жастарға көтеріңкі көңіл-күй, тың серпін, болашаққа деген жаңа серпіліс берді.
Қосымша фотосуреттер сілтемеде қол жетімді https://disk.yandex.kz/client/disk/-2022
Жамал ШАУКЕН,
суретті түсірген автор
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.