Ашық есік күні: арманға жасалған қадам

Выпуск - №11-12(508-509)   :   17.03.2022
376

Жуырда Арқалық политехникалық колледжі болашақ абитуриенттерге өз есігін айқара ашты. Ашық есік күні – мектеп оқушылары өз армандарына бір қадам жақындап, «оқуға түссем» деген мақсатпен жүзеге асыру жолдарымен танысты.

Талапкерлер колледжге түсу үшін қажетті әрі маңызды ақпараттармен танысып қана қоймай, біздің білім беру бағдарламамыздың бағытына да хабардар болды. Ашық есік күні – біздің колледжіміз үшін нағыз мереке. Студенттер оқушыларды жылы қарсы алып, олардың барлық сұрақтарына жауап беруге дайын болды. Бұл іс-шараға арнайы бағдарлама құрылды. Іс-шара барысында қызықты концерттік программа, «Мамандық таңдау – табыс көзі» атты көрме, колледж зертханалар мен шеберханаларға саяхат, оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерімен сұхбаттасу қамтамасыз етілді.

Ең маңыздысы, оқушылар, таңдаған мамандық бойынша кәсіптік тестілеуден өтуге мүмкіндік алды. Сол арқылы таңдаған мамандығы бойынша икемділігін байқады. Бұл болашақ мамандық таңдаудың бірде бір дұрыс жолы. Колледж қызметкерлері мен студенттері талапкерлерге оқу орнына түскеннен кейінгі өмірлері мен оқу орнының тыныс-тіршілігімен таныстырды. Талапкерлерге мазмұнды презентациялар мен колледж туралы бейнероликтер және маман дайындау бағыттары мен білім беру бағдарламалары көрсетілді.


Салтанат АХМЕТОВА,
Арқалық политехникалық
колледжі директорының ТЖ
жөніндегі орынбасары

ГЛАВНЫЕ НОВОСТИ

Путь, заданный великим учителем

Вчера в 14:44

Патриотическое воспитание

Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия

Вчера в 14:40

Профессиональное содружество

Эффективное взаимодействие педагогов и родителей

Вчера в 14:36

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

История первого детского сада Лисаковска

Вчера в 14:33

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

Актуально

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.