Учительская плюс

Областная еженедельная общественная информационно-образовательная газета
Календарь
08/11/26 Воскресенье

Әуезді апталықтың мәнді жұмысы

Выпуск - №10 (457)   :   11.03.2021
506

Арқалық қаласындағы Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің қабырғасында жыл сайын дәстүрлі түрде арнайы музыка апталығы өткізіледі. Бұл шара биыл да өз жалғасын тапты.

Үстіміздегі оқу жылының ерекшелігіне байланысты өткізілген іс-шаралардың дені онлайн форматта жүзеге асты. Апталық аясында бекітілген жоспар бойынша колледжіміздің ұстаздар қауымының басты міндеті – шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, болашақ ұрпаққа ұлағатты тәрбие беру. Студенттердің қатысуымен «Қазақстан музыка мәдениеті» тақырыбында музыка апталығының ашылуы өтті. Апталықтың алғашқы күні «Биге арналған музыка» тақырыбында Б.Рима ашық сабақ өткізді. Сабақта бидің музыкалық стиліне олардың айырмашылықтарына тоқталып, соның ішінде аспаптық музыка әлемінде кеңінен мағлұмат берілді.

Сонымен қатар Қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығына арналған лекция-концерті колледжге студенттермен бірге музыка пәнінің оқытушысы Р.Ғазезова Zoom платформасы арқылы өткізді. Музыка пәнінің оқытушылары Қ.Ақмарал, Н.Гүлмахаббат «Құрманғазы күйлерінің шығу тарихы» тақырыбында Құрманғазы Сағырбайұлына арналған музыка білімінің 2-3 курс студенттерінің қатысуымен тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатының барысында композитордың күйлерінің шығу тарихына тоқталып, «Адай», «Сарыарқа», «Серпер», «Байжұма», «Арба соққан», т.б. күйлері орындалды.

Артынша қобыз сыныбының ұстаздары Б.Гүлдана мен Д.Ләззат студенттерге қобыз аспабында ойнау шеберлігі туралы түсінік берсе, М.Кенжебек бас домбырада «Бас домбыраның шығу тарихы және алғашқы халық аспаптар оркестрінің құрылуы» тақырыбында музыка бөлімінің 3-курс студенті Нұрбек Бейсембаймен ашық сабақ өткізді. Онда бас домбыраның шығу тарихына тоқталып, оның ойналу ерекшелігін студентіне жеткізіп, оркестр жайлы кеңінен мағлұмат берді.

«Әлемдік музыка» атты тақырыбында музыка бөлімінің оқытушылары Т.Маргарита және Ш.Динара музыкаға байланысты әр түрлі сұрақ-жауап қою арқылы қызықты кеш ұйымдастырды. Шарада студенттермен қатар ұстаздар қауымы да белсенділік танытып отырды. Апталықтың соңғы күні белсенді қатысқан студенттеріміз мадақтау қағаздарымен марапатталды.


Ақмарал ҚАБЫЛДИНА,
Н.Құлжанова атындағы
Торғай гуманитарлық колледжі
музыка пәнінің оқытушысы,
Арқалық қаласы

 

Реклама

Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.