Учительская плюс

Областная еженедельная общественная информационно-образовательная газета
Календарь
15/03/26 Воскресенье

Ауған соғысының ардагерлері арамызда

Выпуск - №7(504)   :   18.02.2022
478

Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубының ұйымдастыруымен мәжіліс залында «Ардагерлер – асыл ерлер!» тақырыбында Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу кеші өтті.

Өткенге көз жүгіртсек, 1979 жылы Ауғанстан жерінде болған зұлмат соғыста Кеңес әскерлері қайталанбас қаһармандық танытты. Осылайша 1989 жылғы ақпан айының 15-інде Кеңес әскерлері Ауғанстан жерінен шығарылды. Биыл, міне, айтулы датаға 33 жыл. Өзге елде болса да, халықтың тыныштығын қалаған батырларымыздың басым бөлігі сол бір сұм жылдарда майдан даласында қаза тапса, тағы бірі із-түссіз жоғалып кетті. Ал арамызда жүрген ардагерлерімізге құрмет көрсету – баршамызға зор міндет.

Ардагер батырларымыздың айтқан әңгімесін тыңдап, үлкен тағылым алдық. Олардың сөзінше, Ауғанстандағы соғыс тек өлім мен жарақаттану, психикаға тиген үлкен соққыдан ғана тұрған жоқ, сондай-ақ батылдық, адалдық, достыққа, жаныңдағы бауырыңдай болып кеткен жандарға деген жанашырлыққа үйретті. Ұрыс алаңында «бәріміз біріміз үшін» деген қағиданың бекем болғандығын айтады. Тәуелсіздік жолында күрескен ағаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, жастарды Отансүйгіштікке, ерлікке баулу, Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету мақсатында ұйымдастырылған кештің басты қонақтары Арқалық кеден қызметі, Ауған ардагерлер кеңесінің бас маманы Бальдиков Марат Батырханович және МАЙ инспекторы қызметін атқарушы, подполковник, қазіргі уақытта міндетті демалыстағы Кунаков Тимур Шамилевич.


Кездесу барысында ардагерлермен сұхбаттасып, тағылымды тағдырларына шолу жасалды. Есіл ерлердің құрметіне күмбірлете күй тартылды, әуезді ән орындалды. Сонымен қатар «Ашық микрофон» айдарында жастардың көкейтесті сұрақтарына батырларымыз жауап берді. Жастар да, өз кезегінде, кеш қонақтарымен ой бөлісіп, көкейіндегі толғандырған сұрақтарына тұшымды жауаптарын алды. Тағылымды шара соңында ардагерлерімізге құрмет көрсетілді. Оларға колледждің атынан Алғыс хат пен сый ұсынылды. Ардақты ағаларымыз жас өрендерге батасын беріп, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

Соғыс әртүрлі болуы мүмкін, бірақ сарбаз қандай соғыста да сарбаз болып қалады. Бұл күндері кеудесі орден медальге толған ағаларымыз кезінде он сегіз, он тоғыз жасында от кешті, ажалмен бетпе-бет келді. Бүгінде бұл кісілердің көбісі елуді еңсеріп, ел ағалары болып, Тәуелсіз Қазақстанның экономикасын көтеруге, жастардың патриоттық сезімін дамытуға еңбек сіңіріп, қоғамның әртүрлі саласында қызмет етіп келеді.


Ортамызда жүрген ауғандық жауынгер ағалар, бейбіт өмірдегі жарқын істеріңіз, қоғамдық жұмыстарда белсенділіктеріңіз, түрлі кәсіпті игерудегі ерен еңбектеріңіз қазақ жастары үшін нағыз ерліктің шынайы үлгісі болып қала бермек. Себебі патриоттық сезімді бойына сіңіре білген қазіргі өскелең ұрпақ сіздерге қарап бой түзейді. Заманымыз тыныш болсын дей отырып, тарихта ерлік істерімен сақталған батырларымызды ұмытпай, құрмет тұту – біздің міндет.


Ниязбек ОРАЗОВ,
Н.Құлжанова атындағы
Торғай гуманитарлық колледжінің
алғашқы әскери дайындық
пәнінің оқытушысы,
Арқалық қаласы

Реклама

Я непоколебимо верю, что наука и мир восторжествуют над невежеством и войной, что народы сойдутся друг с другом не для разрушения, а для созидания, и что будущее принадлежит тем, кто сделает более для страждущего человечества.
Величайшие открытия рождаются из простых наблюдений, если смотреть на мир с пытливостью ребёнка.
Наука должна служить людям, а не оставаться в стенах академий. Наука не имеет родины, потому что знание принадлежит всему человечеству.
На той ступени развития, которой мы достигли и которая обозначается именем «новейшей цивилизации», развитие наук, быть может, ещё более необходимо для нравственного благосостояния народа, чем для его материального процветания.

Учитель – это светоч нации. Ежедневным кропотливым трудом каждый из вас вносит неоценимый вклад в развитие страны. Вы сеете семена знаний в молодые сердца и растите мыслящую нацию. Ибрай Алтынсарин говорил: «Превыше всего я ценю хорошего учителя». Педагог – ключевая фигура в построении будущего страны, поэтому ему должно быть отведено достойное место в обществе.