Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінде жасөспірімдерге психологиялық қолдау көрсетуге арналған «Өмірің өз қолыңда» жобасы бойынша атқарылған жұмыстар қорытындыланды.
Жоба аталмыш колледждің жанынан құрылған «Жасампаз – жастар ұйымы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Арқалық қаласы әкімдігі білім бөлімінің тапсырысы бойынша өткізілген-тін. Шара жасөспірімдер арасында ерте жыныстық қатынастың зиянды жақтары және адамның психосексуалдық ерекшеліктері жөнінде түсінік беру, өзінің қауіпсіздігі үшін жауапкершілік сезімін, өз тәртібі мен мінез-құлқын саналы түрде реттеу қабілетін қалыптастыру, ерте жүктіліктің және жыныстық зорлық-зомбылықтың алдын алуды көздеді.
Жоба аясында жасөспірім қыз балалар арасында ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында білікті дәрігер мамандармен брифинг, жасөспірім қыздардың жеке бас қауіпсіздігі үшін жауапкершілік сезімін, өз тәртібі мен мінез-құлқын саналы түрде реттеу қабілетін қалыптастыру, ерте жүктіліктің және жыныстық зорлық-зомбылықтың алдын алу тақырыптарыбында ата-аналарға арналған дөңгелек үстел болып, өзекті мәселелер төңірегінде ой қозғалды.
Одан бөлек мақсатты топтың өмірге деген көзқарастарын арттыруға арналған 8-10 сынып оқушыларының қатысуымен төрт топта тренингтік сабақтардың да өткенін айта кеткен жөн. Атап өтсек, бірінші топ – №1 ОМ, №2 ОМ, №4 ОМ, екінші топ – №5 ОМ, №6 ОМ, №10 ОМ, үшінші топ – №3 ОМ, №8 ОМ, ал төртінші топқа қалаға қарасты ауыл мектептерінің оқушылары қатысты. Жасөспірімдерді ақпараттандыру мақсатында мектеп оқушыларына 100 дана жадынама, 100 дана іс-шара бағдарламасы, А3 форматында жасалған 30 дана ақпараттық плакаттар таратылды.
Атқарылған барлық жұмыстар облыстық және қалалық БАҚ және колледждің, қалалық білім бөлімінің ресми сайттары мен әлеуметтік желілерде жарияланып отырды. Оның ішінде Арқалық қалалық «Арқа дидары» телеарнасынан көрсетіліп, мақалалар «Торгай» газеттері, «Қостанай таңы», «Учительская +» басылымдарында көрініс тапты.
Жоба шеңберінде белсенділік танытқан мақсатты топ мүшелерін салтанатты марапаттау «Біз бақытты өмірді таңдаймыз» атты қорытынды шарада жүзеге асты. Оған барлық қала және ауыл мектеп психологтары мен жасөспірімдер арасында өткізілген семинар-тренигке белсене ат салысқан оқушылар қатысты. Қорытынды жиынға қалалық білім бөлімінің әдіскері, психолог Жадыра Қожахметова келіп, жобаның сапалы жүзеге асырылғанын айта келе қатысушыларды жоба шеңберінде көтерілген түйткілді мәселеге бей-жай қарамауға шақырды.

Шара соңында жоба белсенділеріне қоғамдық бірлестіктің атынан Алғыс хаттар мен мадақтамалар және бағалы сыйлықтар табысталды. Жалпы жобаның көтеріп отырған мәселесі ауқымды. Дегенмен сол үлкен мәселені шешуге тамшыдай болса да септігіміз тисе, жобаның мақсатына жеткендігі деп білеміз.
Гүлхашима ОРАЗОВА,
«Жасампаз – жастар
ұйымы» ҚБ төрайымы,
Арқалық қаласы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.