Білім және ғылым вице-министрі Мирас ДӘУЛЕНОВ индустриялық аймақ аумағында А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті мен «Камаз» ЖАҚ әріптестігін қолдау туралы Меморандумға қол қойды.

Соның нәтижесінде А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті Қостанай облысының индустриялық аймағы мен машина жасау саласы үшін маман даярлау базасына айналмақ. «Камаз» ЖАҚ-мен серіктес болу идеясы 2019 жылдың тамыз айында пайда болды. Қазақстан Республикасының 2020-2025 жылдарға арналған «Export for Development» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде өңіріміздің индустриялық аймағы құрылды. Сондықтан жұмысшы мамандығынан бастап, PhD докторы деңгейіне дейінгі кадрларды дайындау қажеттілігі туындады. Бұл ретте елдің машина жасау саласының серпілісін қамтамасыз ететін ғылымды қажетсінетін жоғары технологиялық өндірісті құру жоспарланған-тын.
Ол үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің қолдауымен инжинирингтік орталық құрылысының жобасы әзірленді. Осы уақытқа дейін Қостанай облысы аграрлы аймақ атанып келсе, енді аграрлық-өнеркәсіптік өңірге айналды. Оқу ордамыз да облысымыздың ұстанған бағыты негізінде дамып келеді және оның қажеттіліктеріне қарай тиісті бағдар алады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев іске қосқан Индустрияландырудың үшінші бағдарламасын іске асыру Қазақстан үшін маңызды мәселелерді шешуге бағытталған. Оған ғалымдар мен ғылыми қызметкерлер көмектеседі. Жоғары оқу орындары мен өнеркәсіптің коллаборациясы инновациялық жаңалықтарға серпін беріп қана қоймай, жоғары білім беруді жаңғыртуды қамтамасыз етеді. Осы тұста Ахаң атындағы қара шаңырақ биік мақсат жолында пайдалы болуға дайын және Қостанай облысын дамытуға бағытталған бастамаларға толық қолдау көрсетеді.

Меморандумға қол қою рәсімінен кейін Білім және ғылым вице-министрі Мирас Мұхтарұлы А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінде болды. Ол өңірлік Smart-орталықтың инфрақұрылымымен танысып, жақын арада салынатын нысандар, инновациялық алаңдар мен олардың одан әрі даму жоспарларынан құлағдар болды. Артынша жоғары оқу орны үшін де, Қостанай облысы үшін де серпінді жоба саналатын инжинирингтік орталық салу мәселесі егжей-тегжейлі қаралды. Мирас Дәуленовтың тарапынан оқу орнында ғана емес, жалпы өңірде ғылымның дамуына серпін беретін бірқатар ұсыныстар түсті.
Оларға жеке-жеке тоқталып өтер болсақ, біріншіден, жоғары оқу орны мен ғылыми-зерттеу институттарының өзара іс-қимылының үйлесімін дамыту қажет. Мәселен, пандемияның ықтимал екінші толқынының кезеңінде ҚР БҒМ-мен бірлесіп, Covid-19 анықтау бойынша қазақстандық тест жүйелерін сатып алу және жеткізу мәселесі пысықталатын болады. Осылайша, біздің білім ордасы ПТР тесттерін талдауды ғана емес, сонымен қатар инфекция жағдайларын дербес анықтай алатын болады.
Екіншіден, инновациялық әзірлемелердің толық циклінің орталығын құру. Ол үшін университет базасында салықтан босатылған арнайы экономикалық аймақ құрылады. Ол ғылымды қаржыландыру және өндіріске енгізілетін жаңа жобаларды әзірлеу үшін жеке компанияларды тартады.
Үшіншіден, үстіміздегі жылдан бастап «Камаз» ЖАҚ пен «СарыАрқаАвтоПром» АҚ дипломдық жобаларды әзірлеу бойынша жұмысты бастау қажет. Бұл кәсіпорындардың жоғары оқу орнымен өзара іс-қимылға мүдделілігін арттырады, сондай-ақ түлектерді жұмысқа орналастырудың кепілдігін қамтамасыз етеді. Жүктелген міндеттерді жүзеге асыруға университеттің барлық мүмкіндіктер бар.
А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ
баспасөз қызметі
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.