Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға – ұстаз болса, оны жалғастырып, демеуші – ата-ана. Ұстаз бен ата-ана және бала арасындағы өзара қарым-қатынасты нығайту мақсатында Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінде семинар-практикум өтті.

Ата-ананың балаға деген мерейірінде, қамқорлығында, оның келешегінен күткен зор үмітінде ешқандай шек жоқ. Олардың тілегі баласының жақсы адам болуы, еңбексүйгіштігі, кішіпейіл, мейірімді болуы. «Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз» дейді халық даналығында. Отбасындағы тәрбие әрбір мүшенің өзін-өзін сақтау, ұрпақты жалғастыру, өзін-өзі сыйлау қажеттігінен туындайды. Отбасында адамның жеке басының қасиеті қалыптасады.
«Ата-ананың алақаны – балаға саялы бақ» тақырыбындағы ата-ана мен білім алушылар қатысқан іс-шара барысында түрлі жағдаяттар, қызықты ойындар мен психологиялық тренингтер жүргізілді. Берілген тапсырмаларды баласы мен анасы немесе әкесі бірлесе отырып орындады. Және колледж ата-аналардың «Стакан мұнарасы» тимбилдингі, топтық жұмыстары да жүргізілді. Оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болу үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір-бірімізге тілек айта отырып қорытындыладық.
Бала – ата-ананың үміті, өмірінің жалғасы. «Баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін» деп перзентін әлпештеп өсірген ата-ананың жатса-тұрса тілейтіні – баласының алдыңғы қатарлы азамат болып өскені. Сол жолда біз де барымызды саламыз. Ал осындай шараның колледж бен ата-ана қарым-қатынасын нығайтуға үлкен септігін тигізетіні рас.
Айдана САПАРОВА,
Н.Құлжанова атындағы
Торғай гуманитарлық колледжі
әлеуметтік педагогі,
Гүлмира НУРКЕНОВА,
колледж психологы,
Арқалық қаласы
Я с детства полюбила читать газеты, потому что они всегда были в нашей семье. И до сих пор, несмотря на обилие новых носителей информации, я больше всего люблю газету, особенно нашу, учительскую, за продуманный, взвешенный подход, за подробность и объективность, за особую атмосферу, которая возникает от неспешного листания страниц. И ещё нравится, что «Учительская плюс» входит в список изданий, рекомендованных министерством просвещения для размещения материалов аттестуемых педагогов. Это очень мотивирует!
«Учительская плюс» – это газета, которую читаешь не по обязанности, а с интересом. Здесь нет сухих отчётов. Есть живые истории учителей, полезные методические находки, опыт коллег со всей области. Каждый номер как подсказка и поддержка. Я очень люблю нашу газету за возможность рассказать о своей работе и узнать больше о работе своих коллег по всей области.
Спасибо редакции за то, что говорите с учителем на одном языке и вселяете веру в нашу профессию!