Шуақты көктем мерекесі – Халықаралық әйелдер күніне орай Арқалық қаласы әкімдігінің қалалық тілдерді оқыту орталығы Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжімен бірлесіп, «Әлемде ана біреу» атты мерекелік кездесу кешін өткізді.
Орталық тыңдаушылары мен колледждің жоғарғы курс студенттеріне және жас отбасыларға арналған кездесу кешіне Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған Арқалық арнайы мектеп-интернатының ұлағатты ұстаздары – математик Мейрамгүл Әбдіғасым, педагог-дефектолог Мариям Ерназарова және педагог-психолог Жанайым Нағашыбай арнайы қатысты. Қонақтар жастар тарапынан қойылған сауалдарға жауап беріп, салиқалы әңгімелерін, ақылын айтты. Тұщымды ойларын ортаға салған олар, жастармен еркін сырласып, тағылымға толы диалог алаңын құрды.
Қазіргі таңда жастар арасында некеге құру және ажырасу статистикасына назар аударсақ, көпшілігі «Отбасы – басты құндылық» екенін мойындамайды да, сезінбейтін де тәрізді. Жоғарғы буын өкілдері (60-70 жас) үшін, тіпті орта буын өкілдері (40-50 жас) үшін де «ажырасу» деген ұғым өмірдің соңы тәрізді көрінетін еді, ал қазіргі жас отбасыларға бұл қалыпты жағдайға айналған тәрізді. Бізді ата-анамыз «ұят болады», «елдің бетіне қалай қараймын» деген тыйыммен тәрбиелеп келсе, қазіргі заманның әке-шешелері «ішіме сыйған балам сыртыма да сияды» дей ме білмеймін, әйтеуір статистика төбе шашыңды тік тұрғызары хақ. Өз басым, ата-анадан қолдау таппаса, жастар ойласпай ажырасуға барады деп ойламаймын.
Отбасын сақтап қалу мәселесіне келгенде қыз-келіншектер мен аналарға басымдылық беріледі. Халқымыздың «орақ ауызды, от тілді» би-шешендерінің сөзін негізге алсақ, отбасының берік болуында ер адамның рөлі қанша болса, әйел адамдардың үлесіне одан екі есе мол жауапкершілік жүктелетіні дәлелдеген. Бұл ойыма Төле бидің мына сөзі дәлел бола алады: «Әйелің жақсы болса: бірінші – иманың, екінші – жиғаның, үшінші – ырысыңның тұрағы». Осы үш ауыз сөзге ешнәрсе алып-қоса алмаспыз. Осылайша даналарымыздың өсиетін жастарға жеткізіп, «Отбасы – басты құндылық» екенін түсіндіріп, насихаттау – жастардың шаңырақ көтерер алдында жауапкершілікті сезініп, еліміз бойынша ажырасу көрсеткішінің төмендеуіне септігін тигізеді деген ойдамыз.
Жиын барысында бірталай пікір айтылды. Артынша көрермен мен қонақтар арасында қызықты ойындар ойнатылып, ән мен күй орындалып, мерекелік басқосу ерекше нотада мәресіне жетті. Кеш соңында Арқалық қаласы тілдерді оқыту орталығы директорының міндетін атқарушы ретінде қорытынды сөз сөйлеп, арнайы келген қонақтарға салиқалы әңгімесі үшін алғысымды білдіріп, орталықтың және колледж студенттерінің әзірлеген естелік сыйлықтарын табыстадық.
Гүлхашима ОРАЗОВА,
Арқалық қалалық тілдерді
оқыту орталығының
директоры
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.