Арқалық политехникалық колледжінде ІІ курс ПК-26 тобының білім алушыларымен санитарлық талаптарды сақтай отырып «Даяшы» біліктілігі бойынша мақала тақырыбымен аттас сыныптан тыс шарасы өтті.
Интеллектуалды ойын VI кезең бойынша өтіп, әр кезең өзінің қиындығына байланысты сәйкесінше ұпаймен бағаланды. Алғашқы кезең – «Таныстыру». Онда екі команда өздерінің дайындап келген презентациясы немесе бейнеролигін ұсынды. Екінші «Кім ұтқыр» кезеңінде білім алушылардың жылдамдығы басты назарда болып, өткен тақырыптарға сәйкес әр топқа 10 сұрақтан жалпы 20 сұрақ қойылды.
ІІІ кезең – «Науамен жүру». Бұл кезеңде білім алушының науамен асығыстық жасамай, жылдам әрі нақты қозғалуы талап етіледі. Студенттердің теориялық білімін практикамен ұштастыруы қажет болды. Келесі «Төрт сурет – бір ұғым» кезеңінде әр командаға төрт сурет салынған карточка дайындалды. Білім алушылардың логикалық ой ұтқырлығы бірінші орында болып, мағынасын ашып, жасырылған құпия сөзді табулары қажет болды.
.jpeg)
Бесінші «Мата майлықтарды бүктеу» кезеңінде 5 минут ішінде қатысушы топтар жылдамдыққа майлықтарды бүктеп, таныстырды, ал алтыншы «Бармен» кезеңінде қатысушы топтардың міндеті – берілген нұсқаулық картаға сәйкес «сүтті бананды» және «фрапучино» алкогольсіз коктейльдерін дайындады. Белгіленген уақыт аралығында екі топ өз алдарына қойылған мақсатқа жетіп, кімнің мықты екені анықталды. Сәйкесінше үздіктер танылып, мадақтамалар берілді.

Нұргүл ӘЛІМЖАН,
Арқалық политехникалық
колледжінің өндірістік
оқыту шебері
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.