Бәсекеге қабілеттілік – басты міндет

Выпуск - №14 (461)   :   09.04.2021
352

Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінде «Казіргі білім беру аясында мамандардың бәсекеге қабілеттілігін және кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбында бірлестіктің онкүндігі басталды.

«Жаратылыстану және педагогика ПӘК бірлестігі онкүндігінің мақсаты – өзін-өзі жетілдіру және өзін-өзі дамыту негізінде педагогтердің ұйымдастыру-педагогикалық шарттарын дамытуды шығармашылық белсенділігін, кәсіби және жеке қасиеттерін қамтамасыз ету. Ал оқу және тәрбие жұмыстары нәтижесіндегі кәсіби біліктіліктен білім алушының кәсіби білім деңгейіне дейін көтерілу динамикасына басты назар аудару негізгі міндеттерінің бірі саналады. 
Сондай-ақ білім алушылардың танымдылық белсенділігін арттыра отырып, ертеңгі күні сапалы білім бере алатын білікті маман даярлауға үздіксіз әдістемелік көмек көрсету, оқытушы мен білім алушының арасында жұптық қарым-қатынас орнату арқылы студенттің жауапкершілігін, білімге деген қызығушылын арттыру да назардан тыс қалмады. Шараның ашылуы салтанатты түрде ұйымдастырылып, онкүндік жоспары таныстырылды. Ашылу салтанаты 1-курс студенттері үшін офлайн, калған курс білім алушыларына онлайн форматта өткізілді.
Онкүндік жоспарында 1-4 курс білім алушыларына арналған зияткерлік, танымдық, дамытушылық және шығармашылық бағыттардағы іс-шаралар қарастырылған. Оқытушылар да жоспардан тыс қалмай, оқытушыларға арналған сұрақ-жауап сайыстары арқылы зияткерлік қырларын ашу бағытын көздеді. «Казіргі білім беру аясында қашықтан оқытудың тиімділігі мен кемшілігі» тақырыбында жоғарғы курс білімалушылары арасында пікірталас, 1-курс студенттеріне «Ғаламтордың пайдасы мен зияны» тақырыбында дөңгелек үстел, колледжішілік үздік ғылыми мақала байқауы, бітіруші топтар арасында Zoom платформасы арқылы «Ұрпақ тәрбиесі – болашақ тірегі» тақырыбында түлектермен кездесу жоспарланды.
Онкүндіктің айшықты шараларының бірі 1-курс білім алушылары үшін қаламыздағы облыстық №2 әмбебап кітапханасына саяхат қарастырылған. Қазіргі заманда барлық ақпарат ғаламтор желісінде болғанымен, кітапхананың берері мен кітап оқудың пайдасы ерекше екені белгілі. Білім алушылардың кітап оқуға құштарлығын арттыру арқылы, ғаламторда жоқ тың деректер мен бірегей ақпараттарды табуға болады. Одан бөлек апталық щеңберіндегі тың шаралардың бірі «WorldSkills-2021» чемпионатының колледжішілік іріктеу кезеңі онкүндіктің екінші күніне қойылған.
Чемпионат «Бастауыш білім беру» және «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандықтарының 2-3 курс студенттері арасында өткізіледі. Байқау білім алушыларға өз деңгейін байқап көруге, өзара білім деңгейін салыстыруға үлкен мүмкіндік болары хақ. Барлық шаралардың қорытындысы онкүндіктің жабылу салтанатына арналған шарада жеңімпаздарға табысталады.
Мұндай онкүндіктер оқытушылар мен білім алушыларға берілген үлкен мүмкіндік. Онкүндік шараларына қатысу арқылы студенттер өз деңгейлерін көтереді, салыстырады, үйренеді әрі тәжірибе алмасады. Оқытушылар үшін де өз құзыреттілігін арттыруға, шығармашылығын дамытуға септігі мол. Сондықтан аталмыш шараның білімпаздарымызға берері мол. Онкүндікті ұйымдастыру алқасы мен қатысушыларға сәттілік тілей отырып, білім кеңістігінде шарықтай берулеріне тілектеспіз.

Гүлхашима ОРАЗОВА,
Н.Құлжанова атындағы
Торғай гуманитарлық
колледжінің әдіскері,
Арқалық қаласы

 

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.