Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінде Қостанай облысы ТжКБ Директорларының кеңесі өтті. Дәстүрлі ашық алаңда өңірдің кәсіптік-техникалық білім беру ортасын жақсарту мәселелері талқыланады.
«Кәсіптік білім беру саласында рухани жетілген, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауда «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасының тиімділігі мен маңызы» тақырыбында ұйымдастырылған отырысқа Директорлар кеңесінің төрағасы, «Қостанай ауылшаруашылығы колледжі» КМҚК директоры С.К. Кадыров, Қостанай облысы білім басқармасының ТжКБ бөлімінің басшысы Ж.С. Жумина қатысты.
Кеңеске Қостанай облысы бойынша КжТБ мекеме жалпы саны 25 директорлар қатысты. Пленарлық отырысты Арқалық қаласының әкімі А.Б. Асанов құттықтау сөзімен ашты. Бағдарлама бойынша Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің директоры С.А. Алматова «Нарық сұранысына қажетті, бәсекеге қабілетті мамандар даярлаудағы рухани жаңғыру бағдарламасының мүмкіндік кеңістігі» тақырыбында баяндама жасады. Колледж директоры өз баяндамасында колледждің бүгіні мен ертеңі және келешегі, мен мүмкіндіктеріне тоқталды.
«Жасампаз» жастар ұйымы ҚБ төрайымы, колледж әдіскері ретінде келесі сөзді алып, колледж жанынан құрылған ұйымның «Рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде іске асырылған әлеуметтік жобалардың нәтижелерімен таныстырып өттім. Баяндамамда колледж жанынан қоғамдық бірлестік құрудың қажеттілігі, колледж студенттері үшін тиімділігі мен мүмкіндіктеріне тоқталып өттім. Ал колледждің әлеуметтік серіктесі, қаламыздағы «Ақбота» балабақшасының меңгерушісі М.С. Нұралина «Рухани жаңғыру бағдарламасының аспектілері негізінде, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту үдерісі» тақырыбында баяндама жасады. Өз сөзінде әлеуметтік серіктестік қатынастың нәтижелілігі, колледж түлектерінің тәжірибелік алаңмен қамтамасыз етілуі жіне жұмыспен қамтылу мәселелеріне шолу жасады.
Колледждің жастар ісі жөніндегі комитетінің басшысы Н.Р. Оразов жастарды патриоттық тәрбиелеудегі ұлттық тәрбиенің мүмкіндіктері мен тиімділігі туралы колледж жастарының жұмыс нәтижелерімен таныстырып, өткізілген іс-шаралар мен акциялардың, қоғамдық пайдалы істердің жастардың азаматтық позициясын қалыптастырудағы рөлі мен маңызына тоқталды. Талқылаудан кейін Қостанай облысының ТжКБ арасында аталған коледждің тәжірибесін облыс көлемінде жалпылау туралы шешім қабылданды.
Рудный тау-кен индустриалдық колледжінің директоры Қ.С. Қанешов сөз алып, Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының бағыттары бойынша жұмысын мақұлдауды ұсынды, ол Торғай жерінің мәдени мұра ескерткіштері, зайырлы және діни сәулет кесенелері және табиғи ландшафттар мен маңызды саяси оқиғаларға толы тұрақты тарихи құндылықтарымен ерекшеленетін өлке ретінде атап өтті. Келесі болып сөз алған Қарасу аудандық колледж директоры М:А. Масаченко «Рухани жаңғыру» бағдарламасының біздің ата-бабаларымыз бен тамырларымызды зерттеуге бағытталғанын айта келе, өлкемізде беймәлім зерттелмеген нысандардың көптеп кездесетінін, әлі де зерттеуді қажет ететіндігіне тоқталды.
Кеңес барысында жарыссөз ұсынылып, қатысушы мекеме басшылары кеңес барсындағы баяндамалар негізінде өз сұрақтарына жауап алды. Онда әлеуметтік серіктестік төңірегінде, түлектерді жұмыспен қамтылу мәселелері туралы және 2021-2022 оқу жылына арналған мемлекеттік тапсырыс туралы сұрақтар талқыланды. Кеңес жұмысы нәтижесінде колледждің оқу-тәрбие және әдістемелік жұмыс мазмұнын ұйымдастыруда «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бағытындағы жұмыстарын қолдау мақсатында шешімдер қабылданды.
Директорлар кеңесі Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының кәсіби білім беру саласындағы рухани жетілген, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау үшін тиімділігі мен маңызы» тақырыбында оқу-тәрбие және әдістемелік жұмыстың мазмұнын ұйымдастыру бойынша ұжымның жұмысымен танысты және колледждің осы бағыттағы жұмысы толық қарқынмен жүргізіліп жатқандығы бірауыздан мақұлданды. Кеңес тәжірибе алмасу алаңы бола алды және қатысушылардың алдағы жаңа бастамалары мен жоспарларына жаңа серпін берері сөзсіз. Берілген ақпарат пен қабылданған шешімдер орынды және тиімді деп бағаланды.
Гүлхашима ОРАЗОВА,
Н.Құлжанова атындағы
Торғай гуманитарлық
колледжінің әдіскері,
Арқалық қаласы
Не тот учитель, кто получает воспитание и образование учителя, а тот, у кого есть внутренняя уверенность в том, что он есть, должен быть и не может быть иным. Эта уверенность встречается редко и может быть доказана только жертвами, которые человек приносит своему призванию.
Если учитель имеет только любовь к делу, он будет хороший учитель. Если учитель имеет только любовь к ученику, как отец, мать, он будет лучше того учителя, который прочёл все книги, но не имеет любви ни к делу, ни к ученикам. Если учитель соединяет в себе любовь к делу и к ученикам, он совершенный учитель.