Білікті кадр – ел тірегі

Выпуск - №17(665)   :   30.04.2025
815

1

Арқалық политехникалық колледжінде Жұмысшы мамандықтарының жылы аясында кадрларды даярлау сапасын арттыру, жұмыс берушілермен одан әрі тиімді өзара іс-қимыл жасау мақсатында «Жұмыс берушілер күні» тақырыбында кездесу өткізілді.

Іс-шараға колледжге қамқорлық көрсетіп отырған кәсіпорындар мен ұйымдар, дуальды оқытуға қатысатын кәсіпорындар, кадрларды мақсатты даярлауға атсалысатын кәсіпорындар, колледжбен ынтымақтастықты жоспарлап отырған кәсіпорындар, «Атамекен» ӨКП филиалы және педагогтер мен білім алушылар қатысты. Іс-шара колледждің фойесінде басталып, қонақтар назарына білім алушылар мен педагогтердің шығармашылық жұмыстарының көрмесі ұсынылды.

8-2-3


Колледж директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.Жайлаубаева кәсіпорындармен өзара іс-қимыл аясындағы негізгі нормативтік-құқықтық актілерді, сондай-ақ академиялық дербестік аясында әлеуметтік серіктестермен бірлесіп атқарылған жұмыстарды кеңінен баяндады. Кейін жұмыс беруші кәсіпорындар туралы бейнематериал да ұсынылды.
Кездесу барысында «Жұмыс берушілер мен колледж арасындағы әлеуметтік серіктестікті дамыту», «Кәсіптік-техникалық білім беру мекемелері бәсекеге қабілетті болуы үшін не істейді?», «Білім беруді еңбек нарығының сұранысына қалай жақындатуға болады?» сынды маңызы зор тақырыптар талқыланды. Жұмыс берушілер бітіруші түлектерге ақылы тәжірибеден өтіп, әрмен қарай дайын маман ретінде өндірісте жұмыс істеулеріне қолдау көрсететіндерін және бұл бағытта барынша дайын екендіктерін жеткізді.

2


«Электрлік және электромеханикалық жабдықтар» мамандығының екінші курс студенттеріне «Арқалық жел электр станциясы» ЖШС инженері М.Қалтай «Жел энергиясын Қазақстанда пайдалану» тақырыбында «Қонақ сабағын» өткізді. Ал колледж психологы С.Алибаева жұмысқа орналасу кезінде іскерлік әңгіме жүргізудің қыр-сырын түсіндіру мақсатында «Сұхбаттасу өнері» атты тренингін жүргізді. Кездесу соңында колледждің басшысы А.Карбозов бірқатар әлеуметтік серіктестерге Алғыс хаттар табыстап, олардың колледжбен ынтымақтастықты нығайтудағы үлесін жоғары бағалады.

Гульмира ЖАЙЛАУБАЕВА,
Арқалық политехникалық
колледжі директорының
оқу жұмысы жөніндегі орынбасары,
Алтынай НҰРМАНБЕТОВА,
колледж әдіскері

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.