Білімді ұрпақ – ел болашағы

Выпуск - №41(538)   :   21.10.2022
835

Алматы облысының Қонаев қаласында «Балдәурен» РОСО «Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасы бойынша «Болашақ – білімді жастардың қолында» атты Республикалық семинар өтті. Оған әр облыстан білікті кітапханашылар және бір студенттен келді.

Қатысушыларды қарсы алған күні әр облысқа бір-бір куратор тағайындалып, ол кісілер өздерінің қонақжайлылығын көрсетіп, экскурсия жүргізді. Студенттер өздеріне бөлінген кураторларымен саяхат жасап, керекті мәліметтерін алып, сөз тарқатты. Экскурсия барысында Қонаев қаласында орналасқан «Қонаев Ретро» музейін тамашалады. Ол мұражайда тың деректер жиналған, сонымен қатар Қонаевтың алғаш әкім болған кезде киген киімі сақталған екен. Одан бөлек алғаш мінген «Волга» автокөлігі де сол мұражайдан тұрақ тапқан. Осы саяхаттың келесі күнінде семинар жұмысы жалғасты. Аталған семинар елжанды, патриоттық сезімі бар жастарды тәрбиелеу мақсатын көздеген.

Жалпы семинар 5 секция бойынша жұмыс жүргізілді. Секциялық жұмыс алдында «Білгір кітапханашы-2022» Республикалық байқауы өткізілді. Байқауда түрлі сайыстар жоспарланған. Әр облыстан келген кітапхана қызметкерлері өз біліктіліктерін таныта білді. Семинар барысында келген қатынасушыларды облыстарға бөліп, түрлі интеллектуалдық сайыстар өткіілзді. Кітапхана қызметкерлерімен де, студенттермен де жеке жұмыс жүргізілді. Студенттер арасында түрлі қызықты байқаулардың өткізілгенін де айта кеткен ләзім. Олар «Кім жылдам» сайысы бойынша оқу жылдамдығын тексеру мақсатында «Жусан иісі» шығармасын оқып, тест тапсырды.

Әрбір облыстан қатысқан жалпы 40 студенттің ішінен 10 студент патриоттық тәрбие беру сертификатымен марапатталып, төсбелгі иегері атанды. Қуантарлық жағдай, біздің Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің бастауыш білім беру мамандығының 3-курс білім алушысы Жібек Қонарбай үздік ондыққа ілігіп, колледж кітапханашыларына арналған Республикалық семинар жұмысы аясында өткен кітап оқу байқауынан грамотамен марапатталып, төсбелгіні иеленді. Сондай-ақ кітапхана қызметкерлеріне де семинарға қатысқанын растайтын сертификат берілді.

Аталмыш семинар өте ауқымды түрде ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өтті. Жастардың оқуға құштарлығын арттырып, биіктен көрінулеріне баспалдақ ашқандай көрінді. Осы бағыттан таймай, алға қарай сеніммен қадам баса берсе, сөзсіз патриот жастар шығатыны анық.


Екатерина КОЛДАСБАЕВА,
Н.Құлжанова атындағы
Торғай гуманитарлық
колледжінің кітапханашысы,
Арқалық қаласы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.