13 шілдеден бастап eGov Mobile мобильді қосымшасы мен eGov.kz порталында білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысуға өтінім қабылдау басталады. Құжаттарды онлайн түрде 13 шілде сағат 09:00-ден 20 шілде сағат 18:00-ге дейін тапсыруға болады, – деп хабарлайды «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі.
Биыл қызмет жаңартылды. Енді жүйе талапкерге мемлекеттік білім беру грантының конкурстан тыс тағайындалғанын автоматты түрде тексереді.
Тексеру Ұлттық тестілеу орталығының мәліметтері негізінде жүргізіледі. Егер талапкерге мемлекеттік білім беру гранты конкурстан тыс тәртіппен бұрыннан берілген болса, жүйе бұл туралы өтінім беру кезінде хабарлайды. Мұндай жағдайда eGov.kz порталы немесе eGov Mobile қосымшасы арқылы қайта өтінім тапсыру қажет емес.
Қалған талапкерлер өтінімді жалпы тәртіппен береді. Егер талапкер жеңілдік санатына жатса, өтінім беру кезінде тиісті мәртебе көрсетіліп, автоматты түрде расталады.
Өтінімді eGov.kz порталы арқылы беру үшін:
• порталға кіріп, «Азаматтарға» – «Білім» – «Жоғары білім» бөлімін таңдау;
• «Білім беру гранттарын тағайындау, сондай-ақ жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету» қызметіне кіру;
• «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасын басу;
• қажетті деректерді толтырып, өтінімге қол қою;
• жеке кабинет арқылы өтінім мәртебесін бақылау қажет.
eGov Mobile қосымшасы арқылы өтінім беру тәртібі де осыған ұқсас.
Өтінім қабылдау кезеңінде жүктеме жоғары болған жағдайда eGov.kz порталында электрондық кезек жүйесі іске қосылады. Кезек келген кезде пайдаланушыға қызмет автоматты түрде қолжетімді болады.
Кезекті бақыламау үшін «Кезектің жақындағаны туралы SMS арқылы хабарлау» қызметін қосуға болады. Хабарлама мобильді азаматтар базасында тіркелген телефон нөміріне 1414 нөмірінен жіберіледі.
Өтінім бергеннен кейін талапкер eGov.kz порталындағы жеке кабинетінде білім беру гранты конкурсына қатысқаны туралы электрондық анықтама алады.
Конкурс нәтижесі бойынша білім беру гранты тағайындалған жағдайда электрондық сертификат 10 тамыздан кешіктірілмей жеке кабинетте қолжетімді болады. Ал грант тағайындалмаған жағдайда бас тарту туралы хабарлама жіберіледі.
Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.