Білім берудегі жаңа трендтер

Выпуск - №5(553)   :   03.02.2023
1354

Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінде «Жаңаша оқыту және білім берудегі жаңа трендтер» тақырыбында қаламыздағы серіктес мектептермен іс-тәжірибе алмасу іс-шарасы ұйымдастырылды

Педагогикалық тәжірибе – шығармашылық ізденіс, жаңалығы бар тәжірибе, жаңашылдардың тәжірибесі. Ол сонысымен де құнды әрі колледж тәжірибесіне жаңалық енгізеді. «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 3-4 курс білім алушыларына арналған іс-шараны тәжірибе әдіскерлері Гулмира Назарова, Салтанат Оралбаева және Кулаш Абдилдина ұйымдастырды. Шараның негізгі мақсаты – білім алушылар озат педагогикалық тәжірибені жүйелі түрде пайдалану, болашақ мамандардың шығармашылық қабілеттерін арттыру.

Қаламыздағы Кейкі батыр атындағы №4 ЖББ мектептің бастауыш сынып мұғалімдері Жансая Ибраева мен Эльмира Жусипова, Ш.Уәлиханов атындағы №1 ЖББ мектептің бастауыш сынып мұғалімдері Сауле Муканова мен Жазира Шаяхметова, сондай-ақ А.Байтұрсынов атындағы бастауыш гимназияның информатика пәнінің мұғалімі Эльмира Мажитова білім алушылармен тәжірибелерімен бөлісті. Тәжірибе алмасу 3 кезең бойынша жүргізілді: бірінші кезең – «Тиімді әдіс-нәтижелі білім негізі»; екінші кезең – «Бастауыш сынып сабақтарында қалыптастырушы бағалау мен кері байланысты ұйымдастыру»; ал үшінші кезең – «Бастауыш сынып сабақтарында ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану».

Мектеп оқытушылары колледж білім алушыларына шеберлік сабақтарындағы әдіс-тәсілдерді қолданудың түрлерін, бағалау және кері байланыс, сабақта ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолданудың жолдарын түсіндіре отырып, тәжірибе алмасты. Шеберлік сынып соңында қатынасқан оқытушылар мен мектеп басшыларын әдіскерлеріміз Алғыс хаттарымен марапаттады.


Бақытира НУРГАЗИЕВА,
Н.Құлжанова атындағы
Торғай гуманитарлық колледжі
директордың оқу-өндірістік
жұмысы жөніндегі орынбасары,
Арқалық қаласы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.