Білім ордасында байқау

Выпуск - №49(496)   :   25.12.2021
319

Биыл егемен еліміз тарих сахнасында тағы бір мерейлі белеске қадам басты. Бұл отыз жыл – халқымыздың ерен еңбегінің тарихи шежіресі. Мерейтойға орай «Жас сарбаз-2021» әскери-патриоттық клубының ұйымдастыруымен «Тәуелсіздікке тарту» байқауы өтті.

Бекітілген ережеге сәйкес жас таланттар арасында өткен іс-шараға «Саз бөлімінің» оқытушысы Гүлмахаббат Нұрғалиева, колледж кітапханашысы Айнұр Қуандықовна, жатақхана тәрбиешісі Жанар Бірмаханова қазылық жасады. «Тәуелсіздікке тарту» атты колледжішілік байқау келесі шарттар бойынша өткізілген болатын: патриоттық ән, сахналық қойылым. Қатысушылар Отан, туған жер, қазақ елі, ана тілі, ұлттық рух, Тәуелсіздік, татулық пен ынтымақтастық тақырыбындағы шығармаларды таңдады. Ал орындалатын шығарма көлемі ережеге сай 3-5 минуттан аспауы керек болды.

Ән орындауда дайын фонограммаларды пайдалануға, белгісіз авторлардың көркемдігі төмен шығармаларын орындауға тыйым салынды. Тек таза әуеннің сүйемелдеуімен жанды дауыста шырқауы талап етілді. Аталмыш шара барысында екінші және үшінші курс студенттері киелі сахнада өнердің әр жанр бойынша өнерлерін көрсетіп, өзара бақ сынасты. Сындарлы тарихқа шегініс жасап, «Желтоқсан құрбандары» қойылымын қалың көпшілік назарына ұсынды. Артынша Тәуелсіздік жолында күрескен боздақтар жайлы бейнеқор материалдары ұсынылды.

Айтылар ән де тақырыптан алыс кетпеді. «Желтоқсан желі», «Көк тудың желбірегені», «Қара бауыр қасқалдақ» әндерінен бастап жерлестеріміздің «Арқалықтың ақ таңы» әнімен жалғасын тапты. Байқауға қатысушылардың өнерін бағалау кезінде олардың ән салу, терме айту, домбыра тарту, көркем мәтінді оқу шеберлігіне, дауыс мәнеріне және тіл тазалығына, шығарманы мәтінді таңдау талғамына, сахнада өзін-өзі ұстауына, киім сәніне баса назар аударылды.

Байқау нәтижесінде 1-орынды МД-31 тобы, 2-орынды және «Үздік топ» номинациясы МД-21 тобы, 2-орынды және «Ерекше әртістік» топ номинациясын БМ-32 тобы иеленді. Үшінші орынды БМ-21 тобы және БМ-22 тобы қанжығасына байласа, МД-32 тобы «Әнші бұлбұл» номинациясымен марапатталды. Ұлттық өнерді дәріптеуді мақсат екен, жас таланттарды анықтауды көздеген «Тәуелсіздікке тарту» байқауы өз дәрежесінде өтті. Өскелең ұрпақты елжандылыққа тәрбиелейтін іс-шаралар жалғасын табатындығына сеніміміз зор.


Ниязбек ОРАЗОВ,
Н.Құлжанова атындағы
Торғай гуманитарлық колледжінің
алғашқы әскери дайындық
пәнінің оқытушысы,
Арқалық қаласы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.