Елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын ақсақтатқан Елбасының тұлғалық келбеті біздің жастарымызға қашанда үлгі, жасаған еңбегі қашан да құрметке лайықты.
Еліміздің бой көтеріп, жеке мемлекет ретінде қалыптастырудағы Елбасының басты мұраты – зияткер ұрпақ тәрбиелеу, саяси тұрақты мемлекет құру, Тәуелсіздікті ұрпақтан-ұрпаққа аманат ету, білімді ұлт қалыптастыру. Бүгін біз Елбасының осы саясаты бойынша еңбек етіп, қолдап, Елбасы бастамаларын Н.Құлжанова еңбектерімен ұштастыра отырып, бәсекеге қабілетті, мәңгілік ел ұрпақтарын тәрбиелеудеміз. Биыл ҚР Тұңғыш Президенті күні мерекесін қалалық деңгейде ұйымдастыру мәртебесі Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжіне берілгені біздің Елбасы еңбегіне деген құрметімізді дәлелдеудің бір мүмкіндігі деп білеміз. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы мен ҚР Тұңғыш Президенті күні – қос мерекеге арналған мерекелік концерт «Елін сүйген елі сүйген Елбасы» деген атпен өтті.
Мерекелік бағдарламаға қала әкімі Әмірхан Біркенұлы Асанов қатысып қала халқына құттықтауын арнады. Қала әкімінің мерекелік марапаттау рәсімі жасалып, үздік қызметкерлерге мерекелік құрмет көрсетілді. Концерттік бағдарлама Назипа Құлжанова еңбектерін Тұңғыш Президентіміз – Елбасының саясатымен ұштастыра отырып, Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткізілген колледж жетістіктері баяндалған бейне роликтен бастау алды. Елбасының сүйікті әндерінен вокалдық топтардың ән топтамасы ұсынылды. Бағдарламада түрлі жанрдағы қойылымдарға үйлескен, жағымды әуен, әсерлі ән, тартымды би қойылымдары көрермен көпшілікке ұсынылды.
Концерт толығымен колледж оқытушыларының күшімен қойылды. ҚР мәдениет қайраткері, колледж оқытушысы Абенов Бораш Қазбекұлының жетекшілігімен,құрамы 50 адамнан тұратын ұлт аспаптар оркестрі өнер көрсетті, Колледж ер балалары мен оқытушы ер азаматтардан жасақталған, құрамы 60 адамнан тұратын хор, «Ата мұра» этно ансамблі, «Арқа келіндері» домбрашылар ансамблінің өнері мерекелік бағдарламаны ұлттық нақышта айшықтай түсті.
Бағдарламаның көпшілік қойылымдары мен сахналау шараларына 80-ге жуық колледж қызметкерлері және 200 ден астап студенттер тартылды. Бұл колледжіміздің Елбасы саясатын қолдайтындығы мен Тұңғыш Президентімізге деген құрметтің белгісі деп білеміз. Билік тізгінін қолына ұстаған жылдардағы Елбасымыздың жарқылдаған келбетін, биік болмысын, кемел дарынын, ел басшысы ретінде көсемдік қасиеттерін бүгінгі ұрпақ біздерге үлгі ретінде қалыптастыруымыз керек.
Гүлхашима ОРАЗОВА,
Н.Құлжанова атындағы
Торғай гуманитарлық колледжі
директорының тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары,
Арқалық қаласы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.