Осындай тақырыпта Қостанай құрылыс коледжінде қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің ұйымдастыруымен мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтіп, мәртебесін аттыру мақсатында онлайн форматтағы апталық өткізілді.

Апталық ақпан айының бірі күні бастау алып, жоспары таныстырылды. Оған пән оқытушылары өз ашық сабақтары мен сыныптан тыс іс-шараларын дайындап, студенттерге көрсете білді. Педагогтеріміз өткізген онлайн сабақтарға бірінші және екінші курс студенттері қатысты.
Оқытушыларымыз Жұмакүл Есеналина, Роза Шағатаева, Айгүл Кенешова, Әлия Назкеева, Айнұр Молдатаева, Айгүл Кушегалина колледжіміздің бөлек топтарымен ашық сабақтар өткізді. Сабақ барысында студенттер қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен білімдерін көрсете білді. Олардың қатарында ерекше көзге түскен студенттер: Аружан Жақсылықова, Дияр Қажигапаров, Жаслан Серік, Томирис Умирбекова, Серик Мусаев, Нияз Сермағанбетов, Егор Савин, Қажымұрат Төлеу, Алия Сейдалинова, Данил Шамин, Виолетта Поветьева, Жасқанат Туяков, Данил Малышев, Артем Березань, Кирилл Ежов, Дидар Атоваров, Жаслан Ахметов, Николай Казянин, Кирилл Каяф, Давид Кемпиров, Диас Кусаинов.
Сондай-ақ оқытушылардың ұйымдастыруымен сыныптан тыс іс-шаралар да өткізілді. Айнұр Молдатаева мен Роза Шагатаева өткізген «Тапқыр достар» атты сайыста Жаннет Тоқтар, Бағдат Нұрғалиев, Айжан Самуратова сынды студенттер белсенділік танытты. Ал Жұмакүл Есеналина мен Алия Назкееваның ұйымдастырумен Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арналған «Қазақ сахарасының қоңырауы» атты әдеби кеш өткізіліп, студенттеріміз Аружан Жақсылыкова мен Мади Жүсіп білімдерін көрсете білді.
Қандай да болмасын ұлттың, халықтың баға жетпес рухани қазынасы, ұлттық санамен байланысты мақтан тұтар ардақтысы – тіл екені белгілі. Сондықтан тілден тілдің кемдігі жоқ деген ізгілікті принциптің қазіргі таңда қолдануының ерекше мәні бар. Өз халқыңның қадір-қасиетін ұға білген жан ана тілін аяқасты етпейді, өзге тілді де өзекке теппейді. Ұстаздардың педагогикалық әрі кәсіби шеберлігін және сабақ беру әдістемесін үздіксіз жетілдіру арқылы студенттердің сапалы білім алуына, шығармашылық деңгейінің жоғары сатыға жетуіне ықпал ету біздің мақсат.
Айгүл КУШЕГАЛИНА,
Қостанай құрылыс колледжі
қазақ тілі және әдебиет
пәндер ПЦК-ның төрайымы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.