Жақында қаламыздағы №19 жалпы білім беретін мектептің түлектері А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің гуманитарлық-әлеуметтік факультетінде қонақта болды.
Оларға гуманитарлық-әлеуметтік факультет деканы Әлібек Нұрмағамбетұлы Табулденов мол мағлұмат беріп, факультеттің тыныс-тіршілігі, оқу ордасының мүмкіндіктері мен болашақ кәсіби бағыттарына тоқталып, әрбір мамандықтың ерекшелігі мен артықшылықтарын атап өтті. Әрине, студенттерге берілетін білімнің сапасы, тәжірибелік мүмкіндіктер, сондай-ақ түлектердің еңбек нарығындағы сұранысы туралы да сөз қозғалды. Өз кезегінде, түлектердің бірі Артур Змеев іс-шараның маңыздылығын ерекше атап өтті:
– Аталмыш іс-шара маған қатты ұнады. Біз оқытушылармен, факультет деканымен таныстық, университеттегі мамандықтар жайлы және де ҰБТ-дағы қажетті пәндер мен грантқа түсу балдары турады мәлімет алдық. Бұл – болашағымызға үлкен үлес қосады деп ойлаймын, – деді ол.
Қонақтар білім ордасының шығармашылық алаңы саналатын медиа-студияға да бас сұғып, арнайы экскурсия арқылы журналистика әлеміне алғашқы қадамын жасады. Олар студиядағы заманауи техникалармен танысып, камера алдында еркін сөйлеу машығын байқап та көрді. Бұл тәжірибе оқушыларға ерекше әсер қалдырып, шығармашылық ортаға деген қызығушылығын да оятқаны сөзсіз.
– Экскурсия маған ерекше әсер етті. Қойғың келген сұрақтарға жауапты алдын ала беріп отырады. Ақпарат өте көп, оны әлеуметтік желіден немесе сайттан таба алмауың мүмкін. Барлығы өте сыпайы, қонақжай. Атмосферасы жайлы, осы жерде оқығың келіп кетеді, – дейді келген оқушылардың бірі Алена Цикотская.
Жалпы, аталмыш іс-шара түлектердің жоғары білімге деген ынтасын арттырып қоймай, болашақтарына сеніммен қадам басуға шабыттандырды. Университеттің ашық есік күндері аясындағы мұндай кездесулер жастарға кәсіби бағыт-бағдар беріп, өмірлік маңызды шешім қабылдауға жол ашатынына сенім бар.
Аружан АНИСОВА,
ҚӨУ 3-курс студенті,
Суретті түсірген:
Айгерім БАХИТБЕК
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.