Болаттай берік жастар жарысы

Выпуск - №47 (443)   :   27.11.2020
731

«Гуманитарлық пәндер» оқытушыларының онкүндік апталығы аясында Арқалық қаласындағы Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінде «Болаттай шыдамды» атты қалалық онлайн жарыс өтті.



Педагогикалық институт және колледж білім алушылары арасында ұйымдастырылған онлайн жарыс – жалпыға бірдей өзін-өзі оқшаулау кезеңінде қалыптасқан дене тәрбиесі және спорт әуесқойларына арналған жаңа форматтағы спорттық іс-шара. Жарыс қатысушылардың спорттық дайындықтарын бағалау мақсатында үздіктерді анықтау, өзін-өзі оқшаулау жағдайында олардың денсаулығы, физикалық тонусы, спорттық рухын қолдау, саламатты өмір салтын насихаттау және танымал етуді көздеді.

Уақыт бойынша қатысушы ер балаларға кермеге тартылып тұру, қыз балаларға планка жасау керек болды. Ал спорттық тапсырманы (жаттығуларды) орындау процесін бейнежазбаға түсіріп WhatsApp мессенджері арқылы оқу орнының дене тәрбиесі оқытушыларына, ұйымдастырушылар алқасына жіберді. Қалалық онлайн турнирдің төрешілігін дене тәрбиесінің оқытушысы Гүлім Жакупова жүзеге асырды.

Аталған жарысқа қаламыздың 5 оқу орнынан 70-тен астам білім алушылар қатысты. Жарыстың қорытындысын төрешілер бейнетүсірілімді хронометрлеу және талдау арқылы есептеді. Нәтижесінде ер балалар арасында 1-орынды Ерасыл Ардақұлы (АПК командасы), 2-орынды Алмат Қасымхан (АрМК командасы), 3-орынды Анатолий Кресс (АПК командасы) иеленді. Қыз балалар арасында 1-орынға Дариға Ғиниятқызы (ТГК командасы), 2-орынға Жансая Мираш (АКК командасы), ал 3-орынға Фарида Қабдыбек (ТГК командасы) тұрақтады. Жалпы командалық есепте 1-орынды Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі, 2-орынды Арқалық политехникалық колледжі, 3-орынды Арқалық медицина колледжі жеңіп алды.



Марапаттау рәсімі Zoom платформасы арқылы өтті. Онлайн жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері грамоталар және медальдармен марапатталды. Сондай-ақ жарысқа қатысқан білім ордаларындағы дене тәрбиесінің оқытушыларына колледж директоры С.Алматованың атынан Алғыс хат табысталды. Саламатты өмір салтын қалыптастыруға ат салысайық, ағайын.

 

Сағдат НҰҒМАНОВ,
Н.Құлжанова атындағы
Торғай гуманитарлық
колледжінің дене тәрбиесі және
спорт мамандығының оқытушысы,
Арқалық қаласы

 

ГЛАВНЫЕ НОВОСТИ

Путь, заданный великим учителем

Вчера в 14:44

Патриотическое воспитание

Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия

Вчера в 14:40

Профессиональное содружество

Эффективное взаимодействие педагогов и родителей

Вчера в 14:36

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

История первого детского сада Лисаковска

Вчера в 14:33

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

Актуально

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.