Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында Қостанай облысы әкімдігінің «B» корпусында ҚХА жастар қанатының ұйымдастыруымен Студенттік Ассамблеялардың I Республикалық форумы өтті.
Аталмыш іс-шара еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған жас көшбасшылардың басын қосып, жаңа идеяларды талқылап, тәжірибе алмасқан, сонымен қоса азаматтық бірегейлік пен қоғамдық келісім мәселелерін күн тәртібіне шығарған аса маңызды алаңға айналды. Форумның пленарлық отырысына Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов, ҚХА төрағасының орынбасары Марат Әзілханов, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері, сондай-ақ «Ассамблея жастары» ұйымының белсенділерімен қатар еліміздің барлық өңіріндегі студенттік ассамблея жетекшілері қатысты.
Форумның ашылуында ұйымдастырушылар студенттік қауымдастықтың қоғамдағы рөлін атап өтіп, жастардың әлеуметтік белсенділігін арттырудың маңыздылығына назар аударды. Ұлттар арасындағы достықты нығайту, жастар бастамаларын қолдау, мәдениетаралық коммуникацияны дамыту – жиынның басты ұстанымдары ретінде айқындалды. Пленарлық отырыста ЖОО мен колледждерде жүзеге асырылып жатқан мәдениетаралық диалогты дамыту, еріктілік, әлеуметтік қолдау және шығармашылық бағыттағы үздік жобалар таныстырылды. Бүгінде еліміз бойынша 100-ден астам студенттік ассамблея табысты жұмыс істеп, «Ассамблея жастары» ұйымының әрі жастар саясатының маңызды құрамдас бөлігіне айналып отыр.
Іс-шара аясында қатысушылар ойларымен бөлісіп, өңірлер арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған ұсыныстарын ортаға салды. Маңғыстаудан келген Ислам Нұрлан жиынның жастарға ерекше серпін беретінін атап өтті: «Бүгінгі форумда ең маңыздысы – ұсынылған жаңа идеялар. Жастар ойларымен еркін бөлісіп жатыр. Кеше де көптеген бастамалар айтылды. Мұнда жаңа жобалар мен идеялар пайда болып, бастамаларыңа шабыт беретін орта қалыптасады. Әсіресе әр өңірден жастардың бас қосқаны қуантады. Мұндай кездесулер қарым-қатынас аясын кеңейтіп, этносаралық келісімді нығайтуға бағытталған бірлескен жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді».
Топтық жұмыс, көшбасшылық, коммуникативтік дағдылар, мәдениетаралық қарым-қатынасқа арналған тренингтерге қатысқан студенттер, өңірлер арасындағы ынтымақтастықты арттырудың жаңа жолдарын талқылап, жаңа серіктестік жобаларды іске асыру жөніндегі ой-пікірлерін ортаға салды.
– Форум маған ұнады. Мұнда студенттердің дамуына үлкен мүмкіндік бар: көшбасшылықтан бастап тілдерді меңгеру мен мәдениетаралық қарым-қатынасқа дейін. Қатысушылар әр өңірдің бастамаларын көріп, тәжірибе алмасады. Осындай алаңдардың жиі өткізіліп тұрғаны дұрыс. Неге десеңіз, ол жастардың дамуына, жаңа таныстықтар орнатуына және бірлікке үлес қосуына ықпал етеді, – деді Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінің педагог-ұйымдастырушысы Сара Ермұхаммедова.
Басқосуда ұлттық бірегейлік, жастардың медиасауаттылығы, креативті жобалар мен әлеуметтік бастамалар басты талқылау тақырыптарына айналды. Қатысушылар қоғамдық келісім мен бірлік бағытындағы жұмыстарға студенттердің белсенді араласуы қажет екенін атап өтті. Ал соңында жастар алдағы ынтымақтастық бағыттарын айқындап, ұсыныстары мен бастамаларын ортаға салды. Бұл өз кезегінде студенттік ассамблеялар жұмысына жаңа серпін бермек.
Аружан АНИСОВА,
А.Байтұрсынұлы атындағы
ҚӨУ 3-курс студенті
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.