«Цифрлы Қазақстанға» бір қадам

Выпуск - №39 (435)   :   02.10.2020
347

Үстіміздегі жылдың сәуір айында Арқалық политехникалық колледжінің «Art_Team-APK» жастар ісі жөніндегі комитет белсенділерінің идеясымен «Біз біргеміз» жобасы құрылған-тын.

Аталмыш жоба Қостанай облысы әкімдігінің Ішкі саясаты тапсырысымен өткен Қостанай облысы оңтүстік өңірінің ҮЕҰ-ның қатысуымен өткен жергілікті әлеуметтік манызы бар идеялар жәрмеңкесінде қолдау тауып, 150 мың теңге көлемінде қаржыландыруға ие болды. Жобаның мақсаты – ата-анасыны қамқорлығынан айырылған балаларға компьютерлік графика үйрету арқылы қосымша табыс көзі болатындай құзыреттілікке баулу. Арқалық политехникалық колледжі әкімшілігінің қолдауымен арнайы бес ноутбукпен жабдықталған оқу аудиториясы берілді.
Жоспарға сәйкес бұл жоба қыркүйек айында жұмысын бастады. Оның аясында, карантиндік шектеулерге байланысты 5 адамнан тұратын үш шағын топ құрылып, жалпы есеппен 15 ата-анасының қамқорлығынан айырылған білім алушыға компьютерлік бағдарламадан білім берілуде. Жұмыс нәтижесінде қатысушыларға арнайы сертификат табысталатын болады. Бұл істі жүзеге асыру арқылы «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасына да үлес қосатынымыз анық.

А.Байжумина,
Арқалық политехникалық
колледжінің Жастар ісі жөніндегі
комитет төрайымы

 

Реклама

Я непоколебимо верю, что наука и мир восторжествуют над невежеством и войной, что народы сойдутся друг с другом не для разрушения, а для созидания, и что будущее принадлежит тем, кто сделает более для страждущего человечества.
Величайшие открытия рождаются из простых наблюдений, если смотреть на мир с пытливостью ребёнка.
Наука должна служить людям, а не оставаться в стенах академий. Наука не имеет родины, потому что знание принадлежит всему человечеству.
На той ступени развития, которой мы достигли и которая обозначается именем «новейшей цивилизации», развитие наук, быть может, ещё более необходимо для нравственного благосостояния народа, чем для его материального процветания.

Учитель – это светоч нации. Ежедневным кропотливым трудом каждый из вас вносит неоценимый вклад в развитие страны. Вы сеете семена знаний в молодые сердца и растите мыслящую нацию. Ибрай Алтынсарин говорил: «Превыше всего я ценю хорошего учителя». Педагог – ключевая фигура в построении будущего страны, поэтому ему должно быть отведено достойное место в обществе.