Даналықтың дәнін сепкен

Выпуск - №48(696)   :   26.12.2025
1023

Даналықтың дәнін сепкен (1)

Арқалық политехникалық колледжінде қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбаевтың 180 жылдық мерейтойына орай «Даналықтың дәнін сепкен ұлы ойшыл» атты шығармашылық байқау ұйымдастырылды.

Абайдың әдеби мұрасымен таныстыру, ақын шығармаларындағы адамгершілік, білім, еңбек, рухани құндылықтарды насихаттау, жастардың шығармашылық қабілетін дамытуды көздеген байқау төрт кезең бойынша өтті. Алғашқы «Өлең сөздің патшасы» кезеңінде қатысушылар Абай өлеңдерін жатқа айтса, екінші – «Қара сөздің қазынасы» кезеңінде қара сөздерден үзінділерді танып, мазмұнын жеткізуге тырысты. «Әуезді әуен» – Абай әндерін орындауға негізделсе, соңғы «Жидебай жолы» – ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы сұрақтардан тұрды.
Байқауға 1-курс білім алушылары белсенді қатысып, өздерінің дайындығын, шығармашылық мүмкіндіктерін көрсете білді. Тағылымға толы іс-шара қатысушыларға рухани әсер сыйлады. Үздік нәтиже көрсеткен студенттерге мадақтамалар табысталды. Абай атамыз: «Ғылым таппай мақтанба», – деп, адам болмысының кемелденуін басты мұрат еткен еді. Бұл бас қосу сол ұлы өсиеттің жалғасы болып, жастардың білімге, өнерге және ізгілікке деген талпынысының дәлелі болды.

Самал ЖИЕНБАЕВА,
Арқалық политехникалық
колледжінің қазақ тілі
мен әдебиеті пәнінің
оқытушысы

Реклама

Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.