Дипломды 108 жас маман

Выпуск - №10(507)   :   11.03.2022
708

Қостанай жоғары политехникалық колледжінде салтанатты шара – мамандығының қыр-сырын меңгеріп шыққан 2022 жылғы түлектерге диплом табыстау рәсімі өтті. Биыл білім ордасынан 108 маман даярланып шықты.

Оның ішінде наубайхана, макарон және кондитерлік өнімдер өндірісінің технологтары; элеватор, ұн тарту, жарма өндірісінің технологтары мен механиктері бар. Колледждің педагогикалық ұжымы түлектерін мақтан тұтады. Колледж қабырғасында өткізген жылдарда студенттер тамаша оқу жетістіктерін көрсетті, олимпиадаларға, сайыстарға, спорттық жарыстарға қатысып, шығармашылық қабілеттерін де көрсетті.

Колледжіміздің 15 студенті ерекше үлгідегі дипломға ие болды. Түлектерге диплом тапсыру рәсіміне колледждің әлеуметтік серіктестерінің өкілдері: «Баян Сұлу» АҚ кадр бөлімінің басшысы А.Альмухаметова, «Kazingredients» ЖШС технолог-кеңесшісі Л.Харина, «AgromashHoldingKZ» АҚ кадрлық жұмыс жөніндегі маманы А.Әубакирова, «Bloomiko» директоры П.Зиннер қатысты. Өз сөзінде Полина Зиннер: «Сіздердің Тәуелсіз Қазақстанның дамуы мен гүлденуіне лайықты үлес қосатындарыңызға сенімдімін. Ол үшін аянбай еңбек етіп, әрқашан алға қойған мақсаттарға ұмтылу керек», – деп атап өтті.

Шара барысында колледж әкімшілігі, ұстаздар, студенттердің ата-аналары атынан құттықтаулар мен қоштасу сөздері айтылды. «Әнші жүректер» вокалдық тобы мен «Мирас» би студиясы көрермендерге заманауи шығармаларын тарту етті. Түлектер үшін колледжді бітіріп, диплом алу – өмір жолындағы бір белес. Білім ордамыздың студенттері, ұстаздары мен жалпы колледж ұжымы түлектерімізге армандарының орындалуын және болашағына ақ жол тіледі.


Людмила ДЮСЕКЕЕВА,
Қостанай жоғары политехникалық
колледжі директорының
ОТЖ орынбасары

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.