Достық пен денсаулық кепілі

Выпуск - №36 (533)   :   15.09.2022
504

«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын орындау мақсатында Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінде «Біздің денсаулығымыз – өз қолымызда» ұранымен кеңауқымды «Денсаулық фестивалі-2022» акциясы өткізілді.

Дені сау ұрпақ қалыптастыру жолында елімізде жыл сайын спортты насихаттау мақсатында осы мерекені бұқаралық түрде атап өтіп келеді. Осы күні Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінде «Дене тәрбиесі және спорт» бөлімінің оқытушылыры білімге құштар студент жастардың басын қосып, оқу жылы басталысымен денсаулық фестивалін ұйымдастырды. Мерекеге ерекше ықыласпен, көтеріңкі көңіл-күймен барлық студенттер мен ұстаздар қатысты. Аталған іс-шара жаз бойы бір-бірінен алыс болған, сағынысып көріскен студенттер қуана қауышып, шат-шадыман күлкі мен көтеріңкі көңіл-күйге кенелсе, биыл ғана студент аталған 1-курс жастары бір-бірімен жақын танысуға мүмкіндік алды.

Саламатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған үндеуді қолдау, жастардың денсаулығын жақсарту мен сақтау мақсатында ұйымдастырылған бұл іс-шараға студенттермен бірге колледждің ұстаздары да бір кісідей атсалысты. «Алдыңғы жақсы кейінгі жасқа үлгі болмаса білгені қайсы!» демей ме?! Ұстаздар легі өздері топ бастап, студенттермен қатар иық тірестіре жүруі ұстаз бен білім алушының серістестігі десем қателеспеспін. Осы іс шараға барлығы 500-ге жуық білім алушылар және 30 дан астам оқытушылар қатысты.

«Дене тәрбиесі және спорт» бөлімінің 1-4 курс ер балалар арасында футболдан жарыс ұйымдастырылып, жеңімпаздар анықталды. Жүлделі бірінші орынды ДМ-12 тобы, екінші орынды ДМ-31 тобы және үшінші орынды ДМ-11 тобының білім алушылары иеленді. «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығының оқытушылары таңғы  жалпы дамыту жаттығуларын өткізді. Музыкалық сүйемелдеумен би ұйымдастырылып оқытушылар және барлық білім алушылар қатысты. Мереке күнгі жастардың көлдей көңілдері мен жеңіске деген ұмтылыстары, бір-біріне деген сыйластық, қамқорлық қарым-қатынастары студенттік қызықты өмірдің бастамасы іспетті болды.

Оқу ордасындағы әр жас бүгінгі күні спорт - мықты pyx, мығым қайрат, сергек көңіл екендігін жақсы ұғынады. Оған себепкер болатын білікті басшы Алматова Сандуғаш Орекенқызы бастаған колледж әкімшілігі, топ жетекшілері, студенттердің өзін-өзі басқару ұйымы. Жастардың басым көпшілігінің алкогольді ішімдіктен, темекі шегуден аулақ екендігін көргенде мұғалімдердің еңбегінің еш кетпегеніне марқаясың.

«Спорт – достық пен денсаулық кепілі» деген нақылды ұстанған колледж ұжымы дәстүрге айналдырған аталмыш іс-шараны жыл сайын биік дәрежеде, үлкен ауқымда өткізіп келеді. Студент жастарға жаңа оқу жылында толағай табыс, оқытушыларға шығармашылық ізденіс пен жетістіктер тілейміз.


Гүлім ЖАКУПОВА,
Н.Құлжанова атындағы
Торғай гуманитарлық
колледжінің
«Дене тәрбиесі және спорт»
мамандығының оқытушысы,
Арқалық қаласы

ГЛАВНЫЕ НОВОСТИ

Путь, заданный великим учителем

2 дня назад в 14:44

Патриотическое воспитание

Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия

2 дня назад в 14:40

Профессиональное содружество

Эффективное взаимодействие педагогов и родителей

2 дня назад в 14:36

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

История первого детского сада Лисаковска

2 дня назад в 14:33

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

Актуально

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.