Еңбегімен танылған қайсар тұлға

Выпуск - №3(651)   :   24.01.2025
622

1

Еңбек – адам өмірінің мәні. Ешкім онсыз мұратқа жетіп, биікке көтерілмеген. «Еңбек ер атандырады» дейді халқымыз. Сондықтан, тіршілікте бағы жанып, абыройы асқан жандардың барлығы да қажырлы еңбекпен биікке жеткендер деуге болады.

Сондай еңбегімен танылған қайсар тұлғалардың бірі – Арқалық қаласындағы Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінде жылдар бойы жұмыс істеп, құрметті демалысқа шыққан Людмила Таскаеваның өмір дастаны жайында бірер сөз қозғағым келіп отыр. Людмила Петровна бар саналы ғұмырын өскелең ұрпаққа саламатты өмір салтын қалыптастыруға, спортқа деген махаббатын оятуға, дене шынықтыру саласын дамытуға жұмсаған.

2


Ол 1955 жылы Краснояр өлкесі, Уржур ауданы, Лохшино кентінде дүниеге келген. 1973 жылы Арқалық ауданына қарасты Көктау орта мектебін тәмамдаған. 1976 жылы Повлодар облысындағы Ермаковский дене тәрбиесі техникумын үздік аяқтап, еңбек жолын сол жылы Торғай облыстық спорт комитетінде бөлім басшылығынан бастады. Кейіннен, 1987 жылы Арқалық медициналық училищесінде директордың орынбасары, ал 1990 жылы облыстық «Спартак» кеңесінің төрайымы, сондай-ақ 1992 жылы педагогикалық училищенің дене тәрбиесі және спорт пәнінің оқытушысы болып қызмет атқарды.
Осындай адал еңбектің иесі жақында мерейлі 70 жасын атап өтті. Ардагер ұстазымызды мерейтойымен құттықтап, жастарға еңбек жолын, қол жеткізген жетістіктерін насихаттау үшін, зейнеткер ұстазымызға деген құрметімізді көрсету мақсатында колледж қабырғасында Людмила Петровнаға мерекелік бағдарлама ұйымдастырдық. Кешке ұстаздың әріптестері мен шәкірттері, білім бөлімінің спорт маманы Даркенов Ораз Ғазезұлы, «Жас-Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығының директоры Қабылдин Ербол Жаңбыршыұлы, Арқалық қаласы әкімдігінің спорт бөлімінің басшысы Маликов Айтжан Умиржанович қонақ ретінде шақырылды.
Мерейтой иесіне білім ордасының 1-қабаттағы дәлізінен бастап құрмет көрсетілді. Студенттер кейіпкерімізді 3-қабаттағы мәжіліс залына жеткенше қошеметпен тік тұрып қарсы алды. Ал, межелі жерінде кейіпкерімізді тәтті бәлішпен, туған күн әнін айтып, дене тәрбиесі және спорт бөлімінің оқытушылары мен кеш қонақтары бірге қарсы алды. Мерейтойлық кешті колледж директоры Мамбетов Руслан Елікбайұлы құттықтау сөзімен ашып, Людмила Петровнаны Алғыс хатпен марапаттап, сый сияпатын көрсетті. Артынша ұстаздың өмір жолы туралы бейнеролик тамашаланып, қызметтегі жетістіктері баяндалды.

3


Кеш барысында келген қонақтар Людмила Петровнамен бірге әріптестік қызметтерінде бастан кешкен қызықты естеліктерімен бөлісіп, ардагер ұстазға құрметтерін көрсетті. Сондай-ақ, кеште ойындар мен қонақтарға қызықты тренингтер өткізіліп, қатысушыларға басты кейіпкердің өмір жолы насихатталды. Бағдарлама аясында тақырыптық әндер мен колледж өнерпаздарының өнері көпшілікке ұсынылды. Іс-шараның соңында студенттер мерейтой иесіне өз сұрақтарын қойып, тілектері мен ізгі лебіздерін жолдады. Игілікті жиын қатысушыларға жағымды көңіл-күй сыйлады.
Мерейтой иесі жолдасы, отставкадағы подполковник Сейдалин Әнуарбек Ахметкалиевичпен көп жыл отасқан. Жалғыз қызы, 1977 жылы дүниеге келген Яковлева Юлия Викторовна, Ресейдің Ұлы Новгород қаласында балабақша меңгерушісі болып еңбек етуде. Қызметіне өмірін арнаған спорт саласының үздігі Людмила Петровна әрдайым кейінгі толқын тарапынан үлкен құрметке лайық жан.

Гүлхашима ОРАЗОВА,
Н.Құлжанова атындағы
Торғай гуманитарлық колледжі директорының
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,
Арқалық қаласы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.