Еңбек етсең ерінбей...

Выпуск - №36 (584)   :   29.09.2023
647

«Еңбек күнін» мерекелеу аясында Рудный технологиялар мен қызмет көрсету колледжінде «Менің жетістігім – менің жемісім» тақырыбында сынып сағаттары өтті. Оған қаламыздың құрметті азаматы Жақсылық Кәкенов арнайы шақырылды.

Құрметті қонағымыз Жақсылық Кәкенұлы – Республикалық Ардагерлер кеңесінің «Құрмет» төсбелгісінің иегері, мемлекеттік еңбек ардагері, тіл жанашыры, «Аманат» партиясының саяси кеңесінің, облыстық және қалалық Ардагерлер кеңесінің, қалалық «Жадыра» халықтық вокалдық ансамблінің мүшесі. Студенттер ол кісінің өмір, оқу және еңбек жолындағы қиындықтары мен жетістіктері туралы әңгімесін қызығушылықпен тыңдады. Жақсылық Кәкенұлы табанды еңбек пен өз ісінің маманы болу – болашақты жарқын ететіндігі жөнінде сөз қозғап, жолы жігерлі жастар мен жиын қатысушыларына үлкен әсер қалдырды.

Студенттер қызықтырған сұрақтарын қойып, мардымды жауап алды. Жаксылық Кәкенұлы ұрпаққа білімнің қажеттігін, алға қойған мақсаттарына жетуге деген құлшынысының мықты болу керектігін тілге тиек етті. Сондай-ақ кейінгі ұрпақты адал, таза еңбек етуге шақырды. «Батаменен ел көгерер» демекші, ардагер атамыз ақ батасын беріп, жастар алғыс алды. Бұл кездесу жас буынның санасына рухани азық болғаны хақ. Тәуелсіз еліміз үшін аянбай тер төккен Еңбек ардагерлері, қазыналы қарияларымыз аман жүрсін!


Ақтоты ЖАЛҒАСОВА,
Рудный технологиялар мен
қызмет көрсету колледжінің
арнайы пәндер оқытушысы,
өндірістік оқыту шебері

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.