Энергетиктерге құрмет

Выпуск - №51(648)   :   26.12.2024
495

1

Энергетиктер күні – жылына бір рет атап өтілетін жарқын әрі маңызды мереке. Бұл күн Арқалық политехникалық колледжі үшін ерекше мәнге ие, себебі колледж болашақ энергетиктерді даярлап, осы салаға үлес қосып келеді.

Арқалық қаласы «Қостанай оңтүстік электр жүйесі» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнымен ұзақ жылдар бойы тығыз әлеуметтік серіктестік орнатып, жыл сайын бұл айтулы мерекені бірлесіп атап өтуді дәстүрге айналдырған. Биыл да «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында желтоқсан айының 20-сы күні колледж білім алушылары әлеуметтік серіктестерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, арнайы концерттік бағдарламамен «Қостанай оңтүстік электр жүйесі» кәсіпорнына барып қайтты.
Іс-шараның басты мақсаты – колледж бен кәсіпорын арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтып, энергетика саласының қызметкерлеріне құрмет көрсету болды. Салтанатты жиында қала әкімі Әмірхан Біркенұлы Асанов құттықтау сөз сөйлеп, мекеме ұжымына алғыс білдірді. Сондай-ақ, құттықтау сөздері мекеме басшысы Саматбек Жетпісбаевқа, колледж директоры Алмас Карбозовқа және кәсіпорынның бөлім басшыларына берілді. Артынша қызметкерлерді марапаттау рәсімі де өтті.
Мерекелік іс-шара барысында колледждің өнерлі студенттері әсем әндер шырқап, ырғақты билер билеп, әсерлі қойылымдарын қойып, энергетика саласының қызметкерлеріне көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Энергетика саласы – ел экономикасының күретамыры. Халықтың күнделікті өмірінің жайлылығы осы сала мамандарының қажырлы еңбегінің жемісі. Энергетика саласының қызметкерлері – елдің энергетикалық кешенін дамыту мен қызмет көрсетуге бар өмірін арнаған абзал жандар. Біз олардың еңбегін терең құрметтейміз.
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыруда өзінің тиімділігін дәлелдеп келеді, ал осы бағдарлама аясында ұйымдастырылатын концерттер тек мәдени іс-шара ғана емес, сонымен қатар маңызды тәрбие құралы болып саналады.

Гульмира ЖАЙЛАУБАЕВА,
Арқалық политехникалық
колледжы директорының
ОӨЖЖ орынбасары,
Адеми БИСЕНГАЛИЕВА,
Арқалық политехникалық
колледжы директорының
ОТЖ орынбасары

ГЛАВНЫЕ НОВОСТИ

Путь, заданный великим учителем

Вчера в 14:44

Патриотическое воспитание

Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия

Вчера в 14:40

Профессиональное содружество

Эффективное взаимодействие педагогов и родителей

Вчера в 14:36

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

История первого детского сада Лисаковска

Вчера в 14:33

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

Ғасырға қадам басқан білім ордасы

Неделю назад в 15:09

Бүгінгі мектеп

Жасыл болашаққа тамыр тартқан жоба

Неделю назад в 15:07

Бүгінгі мектеп

Актуально

Реклама

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.

Благодаря профессионализму коллектива редакции и пониманию важности наших тем мы, педагоги, можем представить широкой аудитории региона самые актуальные материалы о своей работе, о достижениях коллег и успехах учащихся. Я считаю, что газета «Учительская плюс» играет ключевую роль в поддержке профессионального сообщества, в развитии образования Костанайской области. И горжусь тем, что могу внести свой вклад в это дело вместе с газетой.