Жастар жылының жалғасы ретінде Президент Қ.Тоқаев үстіміздегі жылды – Волонтер жылы деп жариялады. Осы тақырып аясында Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінде пікірталас турнирі өтті.

Жастардың бойына қайырымдылық пен ізгіліктің дәнін себу, олардың бойында белсенді өмірлік ұстанымдарға қатысты дағды қалыптастыру қашан да маңызды. Осы мақсатта колледждің жастар ісі жөніндегі комитетінің «Өркениет» дебат клубының ұйымдастыруымен «Ерікті болу – еркіндік» атты қалалық пікірталас турнирі ұйымдастырылды. Елімізде етек алған көкейкесті мәселелерді бірлесе, қоғам болып талқылау арқылы оқу орындарында білім алып жатқан студент жастардың белсенділігі мен азаматтық ұстанымын арттыру, жастардың көпшілік алдында еркін сөз саптау мәдениетін қалыптастыру, сыни тұрғыда сонымен қатар, логикалық ойлауын дамыту мақсатында өткізілген бұл іс-шараға жалпы саны 5 топ ат салысты.
Турнирде британдық парламент (БП) еріктілер еңбегі ақталсын деп есептейді, БП жаңашылдықтың шығуы ескіліктің қадірін кетіреді деп есептейді, БП ХХ ғасырда ғылымның ең үздік саласы психология деп есептейді, БП елімізде ұшақтардың техникалық қауіпсіздігін нығайту жолын мемлекет қарамағына өткізуді дұрыс деп есептейді, БП ҚР сөз бостандығы мемлекеттің дамуының негізгі тетігі деп есептейді деген қарарлар талқыланды. Бүгінгі күннің өзекті мәселелерін тілге тиек еткен студенттер қауымының аталмыш турнирге үлкен дайындықпен келгендігі байқалып тұрды. Пікірталас нәтижесінде қарсылас командалардан оза шауып, жүлделі 1-орынды Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты иеленсе, Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі қоржындарын жүлделі 2-орынмен майлады.
Ал үздік ойын өрнегін көрсетіп, жүлделі 3-орынға Арқалық медициналық колледжі мен Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының атынан келген тағы бір команда өзара бөлісті. Жеңімпаздар арнайы алғыс хаттармен марапатталып, кубоктарға ие болды. Жоғары деңгейде өткізіген аталмыш турнирге ат салысқан оқу орындарының барша командаларына алғысымызды айта отырып, жетер жетістіктеріңіз көп болсын деп тілейміз.
Ниязбек ОРАЗОВ,
Н.Құлжанова атындағы
Торғай гуманитарлық колледжі
жастар ісі жөніндегі
комитет төрағасы,
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.