Ұрпақ тәрбиесінде ел қорғаған ерлердің есімі мен олардың ерлік істерін дәріптеудің маңызы айрықша. Осы тұрғыда білім ордаларында өткізілетін «Ерлік сабақтарының» орны бөлек. Өйткені тарихтың әрбір парағы батырлардың өнегелі өмір жолымен өрілген.
«Ерлік сабағында» Ұлы Отан соғысы жылдарындағы халқымыздың жанқиярлық ерліктері, ел тәуелсіздігі жолында күрескен батырлардың өмірі кеңінен баяндалады. Қаншама боздақ от пен оқтың ортасында жүріп, Отанын қорғап қалды. Олардың есімдері халықтың жүрегінде мәңгіге сақталып, жас ұрпақтың жадында жаңғыра бермек. 2025 жылғы «Күзгі шақыру науқаның» тиімді дайындау және өткізу мақсатында Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің мұғалімі ретінде өнегеге толы «Ерлік сабағын» ұйымдастырдым.
Аталған іс-шараға Арқалық қаласы қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының міндетін атқарушы майор Нургалиев Дастан Турдахунович және Келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау жөніндегі инспектор азаматтық персонал Бекбосынов Асылбек Болатович жастармен сұхбаттасу үшін арнайы шақырылды. «Ерлік сабағы» – өткенді еске алу ғана емес, қазіргі бейбіт өмірдің қадірін ұғындыруды да мақсат етеді. Тәуелсіз Қазақстанның айбынды армиясы, оның жауынгерлері – сол ерлік дәстүрінің заңды жалғасы. Бүгінгі жастар бабалардың ерлігін жалғап, елді дамытуға, мемлекетті қорғауға дайын болуы тиіс.
Ниязбек ОРАЗОВ,
Н.Құлжанова атындағы
Торғай гуманитарлық
колледжінің алғашқы
әскери және технологиялық
дайындық пәнінің
оқытушысы,
Арқалық қаласы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.