Учительская плюс

Областная еженедельная общественная информационно-образовательная газета
Календарь
25/10/26 Воскресенье

Ғылым мен тәжірибе конференциясы

Выпуск - №17 (413)   :   26.04.2020
412

Қостанайдағы «Зерек» колледжінің студенттері ХІІ облыстық «Жас ғалым-2020» студенттік ғылыми-тәжірибелік «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» конференциясына қатысты.

Ағылшын тілі мұғалімі мамандығының 3-курс студенті Яна Кисилева өзінің ғылыми жұмысын «Әл-Фараби – шығыстың ұлы ойшылы» атты тақырып аясында қазақ тілінде қорғады. Ғылыми жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Дидар Құрманбаева.

Биыл ғұлама ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО-ның атаулы күндер күнтізбесі аясында халықаралық ауқымды аталып өтпек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей қолдауымен жүзеге асқан ЮНЕСКО-ның бұл шешімі ғаламның «Аристотельден кейінгі ұстазы» атанған тұлғаның тәуелсіз Қазақстанның, қазақ халқының ерекше үлесінде болуын орнықтыра түсетін тарихи сәт. 

– Жұмыс әл-Фараби мұрасын зерделеу, жаңа серпін беру, әлем тарихында оның рөлін айқындау, есімін ұлттық бренд ретінде ұлықтауды көздеді. Ойшыл туралы білімді анықтау саласында зерттеу жүргізудің негізгі мақсаты – бастауыш сынып оқушылары қандай ақпаратты меңгергенін, қандай тақырыптарды үйренетінін, әл-Фараби туралы қандай көлемде және не білетіндігін білу болды», – дейді жетекшісі Дидар Құрманбаева.

Конференция нәтижесінде Яна Кисилеваның еңбегі жанып, әділ қазылар алқасының шешімімен ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Дара ұстаздың даналығы бүгінде де өзекті әрі үлкен мәнге ие. Әл-Фарабидің жаңа орталығын құру ЮНЕСКО үшін үлкен іс. Оның дүниетанымы қазіргі күн тәртібімен үндес. Сондықтан орталық Қазақстанда ғана емес, Орталық Азияда және ЮНЕСКО-ның белсенді серіктесіне айналуы керек.

Орталықтың қызметі жастар арасында ғылымды ілгертуге қажет білім дағдыларды ынталандыруға, сондай-ақ әлем мәдениетін дамытуда және зорлық-зомбылыққа қарсы іс-әрекет ету, мәдени әр түрлі құндылықтарды арттырып, көмек беруге үлесін қосары анық.

Дидар ҚҰРМАНБАЕВА,
«Зерек» колледжі басшысының
оқу ісі жөніндегі орынбасары,
Қостанай қаласы

ГЛАВНЫЕ НОВОСТИ

Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар

2 дня назад в 13:48

Мәдениет

Путь, заданный великим учителем

3 дня назад в 14:44

Патриотическое воспитание

Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия

3 дня назад в 14:40

Профессиональное содружество

Эффективное взаимодействие педагогов и родителей

3 дня назад в 14:36

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

История первого детского сада Лисаковска

3 дня назад в 14:33

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

Актуально

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.