Идея, технология және шығармашылық тоғысқан күн

Выпуск - №36(732)   :   18.09.2026
587

1

Қостанай политехникалық жоғары колледжінде Бағдарламашылар күні атап өтілді. Жылдың 256-шы күнiне орайластырылған бұл мерекенің өзіндік сыры бар: 256 – бір байт көлемінде кодтауға болатын мәндердің максималды саны.
Кәсіби мереке IT бағытында білім алып жүрген студенттер мен оқытушыларды, сонымен қатар цифрлық салаға алғашқы қадам басқан бірінші курс жастарын бір алаңда тоғыстырды. Мерекенің басты кейіпкерлері – «Бағдарламалық қамтамасыз ету» және «Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері» мамандықтарының 1-курс студенттері салтанатты түрде студенттер қатарына қабылданды. Шара бірнеше негізгі кезеңнен тұрды: «Идеялар генераторы» стартап-жобалар байқауы, «IT модельер» шығармашылық сайысы және «Өз ойыны» интеллектуалдық викторинасы.

3


«Идеялар генераторы» стартап-жобалар байқауы – іс-шараның ең тартысты кезеңдерінің біріне айналды. Себебі, қатысушыларға жай ғана идея ұсынып қоймай, оны толыққанды IT-өнім ретінде қорғап шығу міндеті жүктелді. Бұл да студенттердің қолынан келді. Олар мақсатты аудиторияны анықтап, жобаның функционалдық мүмкіндіктері мен жүзеге асыру жолдарын саралай білді. Әділ қазылар алқасы жұмыстардың жаңашылдығы мен өміршеңдігін, пайдаланушы қажеттілігін түсіну деңгейін, таныстырылым сапасын және командалық ауызбіршілікті жоғары бағалады.
Келесі болып өткізілген «IT модельер» байқауы да көрермендердің ерекше қызығушылығын тудырды. Студенттер бағдарламалау мен заманауи технологиялардан шабыт ала отырып, ерекше образдар дайындаған. Екілік код, бағдарламалау тілдерінің таңбалары мен креативті құрылымдар костюмдерге айрықша сипат берді. Сайыста жұмыстардың тақырыпқа сәйкестігі, мазмұндылығы, шығармашылық идеясы мен орындалу күрделілігі ескерілді. СИБ-4 тобының студенті Амирсұлтан Мишелевтің образы көпшіліктің ықыласына бөленді.


7


– Мектеп кезінен белсенді болдым, түрлі іс-шараларға қатысып, оларды ұйымдастыруға да атсалыстым. Колледжге түскесін де белсенді өмірлік ұстанымымды жалғастырып келемін. Бос уақытымда спортпен айналысамын, сурет салғанды, тігуді және тоқығанды ұнатамын. Байқауға Тобот X кейіпкерін таңдадым. Костюмді қарапайым қораптарды пайдаланып жасадым. Оны дайындауға 7-8 сағаттай уақытымды жұмсадым. Нәтижесі өзіме де ұнады, бастысы, көпшіліктің көңілінен шыққанына қуаныштымын, – дейді СИБ-4 тобының студенті Наргиз Анухан.

5

4

6


Ал интеллектуалдық кезеңде бірінші курс студенттері тапқырлығын, жылдам ойлау қабілетін және топпен жұмыс істеу шеберлігін сынады. Сондай-ақ бағдарламашылар қатарына қабылдау кезінде қатысушыларды бағдарламалау тарихы мен тілдеріне қатысты сұрақтар, «киберполиция» рөліндегі командалық тапсырмалармен қатар IT терминдерінен құралған сөздік сайысы және т.б. тақырыптық сынақтар күтті. Басқосудың ең толқынысты әрі әсерлі сәті – бағдарламашы антын қабылдау рәсімі болды. Бірінші курс студенттері білімді құрметтеуге, кәсіби дағдыларын қоғам игілігіне жұмсауға, бір-біріне қолдау көрсетіп, үздіксіз ізденуге салтанатты түрде уәде берді.

2


Іс-шара соңында байқау қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар лайықты марапаттарына ие болды. «Идеялар генераторы» стартап-жобалар байқауының нәтижесінде ПО-14 тобының «Банан за 300» командасы III орынға, ПО-13 тобының «Болашақ» командасы II орынға, СИБ-4 тобының «Беркуты» командасы I орынға ие болды. «IT модельер» костюмдер байқауының нәтижесінде СИБ-3 тобы III орынды, ПО-13 тобы II орынды, СИБ-4 тобы I орынды иеленді. Сонымен қатар көрермендердің көзайымына айналған Амирсұлтан Мишелевке «Ең креативті костюм» аталымы берілді. «Өз ойыны» интеллектуалдық викторинасында СИБ-3 тобының «Tiger» командасы III тұғырға, ПО-13 тобының «Вай фай» командасы II тұғырға тұрақтаса, ПО-14 тобының «Банан за 300» командасы I орынды қанжығасына байлады. Оларға марапаттарын Қостанай политехникалық жоғары колледжі директорының ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары Ирина Храмей табыстады.
– Бұл – сіздердің алғашқы жобаларыңыз, үлкен жолдағы бастапқы қадамдарыңыз. Ертеңгі күні үлкен жеңістерге ұласып, жарқын келешекке жол ашады деп сенемін. Ешқашан тоқтамаңыздар, басталған істі жарты жолда тастамай, биік белестерге ұмтыла беріңіздер. Үлкен жолдың бастауы болсын! Таңдаған бағыттар мен ізденістеріңізді шыңдап, жаңа белестерді бағындыруларыңызға тілектеспін!, – деп ақ тілегін білдірді Ирина Сергеевна.
Бағдарламашылар күні заманауи IT маманының тек кодпен жұмыс істейтін маман емес екенін тағы бір мәрте көрсетті. Ол – тың ой тудыра алатын, қалыптан тыс шешім табатын, командамен жұмыс істейтін және технологияны нақты жобаға айналдыра білетін шығармашыл тұлға. Бірінші курс студенттері үшін бұл – жай ғана мерекелік шара емес, колледждің кәсіби ортасына жасаған алғашқы маңызды қадам болды. Алда оларды жаңа білім, қызықты жобалар, байқаулар мен тың ізденістер күтіп тұр. Ал осы бір мерекелік іс-шара олардың ақпараттық технологиялар әлеміндегі кәсіби жолының жарқын бастауы болып қалмақ.

Жамал ШАУКЕН,
Суретті түсірген автор

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.