Жыл сайын қайырымдылық негізінде көптеген ізгі шаралар жүзеге асырылып, жастардың да осы бағытта атқарып жатқан жұмыстары көңіл қуантады. Торғай гуманитарлық колледжінің жастар ісі жөніндегі комитеті биыл тағы бір бірегей бастаманы қолға алды.
Қайырымдылықтың мәні терең, оның негізі мейірім мен бауырмалдықта жатыр. Хәкім Абайдың: «Нағыз жүрек ісі – рақымдылық, мейірбандық және әртүрлі істе адам баласының бәрін өзіне тартып, бауырым деп, өзіңе ойлағандай болса игі еді», – деген он төртінші қара сөзіні бүгінгі қоғамда да өзекті. Арқалық қаласындағы Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің Жастар ісі жөніндегі комитеті «Рухы биік жандар» атты қайырымдылық концертін ұйымдастырды.
Аталмыш қайырымдылық іс-шарасы Арқалық арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызмет алушыларына арналған болатын. Толерантты қарым-қатынасты қалыптастыру мақсатында өткен концерт барысында волонтерлеріміз тренинг ұйымдастырып, күмбірлете күй тартып, әуелете ән шырқады, ал биші ұлдарымыз флешмоб билеп, көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады.
Концертке жалпы саны 50-ге жуық адам қатысты. Көңілдері баладай, жүректері даладай дархан жандардың жанында шынайы қуаныштың лебін сезіне білдік. Олар жүріп өткен жолдарымен, төзімділіктерімен көпке үлгі. Күншіл тағдыр қудалағанның өзінде олар жоғары өрлейді, мүмкіндігі шектеулі болса да тілектері биік. Олар – кең пейілдіктің, ізгіліктің және қаһармандықтың жұрт таныған бастауы. Иә, біз жай ғана олардың жүздеріне қуаныш ұялаттық, ал олар бізге бір ғасырға татитын бағалы сәт сыйлады. Қай кезде де адам рухани құндылық іздейді, тіпті кей жағдайларда оған материалдық игіліктің қажет болмауы да мүмкін. Ал, мейірім, риясыз жылы сөз, рухани қолдау әрқашан маңызды, барлық уақытта да өзекті.
Концерт барысында олар бізге бір ғасырға татитын, өмірлік сабақ берген сәттерді сыйлады. Қазақ халқында жетімін жылатпау, кемсітпеу дәстүрі ғасырлар бойы сақталып келеді, бұл біздің ұлттың асыл қасиеттерінің бірі. Осы жандарды мүмкіндігі шектеулі деп айтуға болмайды, себебі олардың жүрегі үлкен, армандары биік әрі олар ешқашан өздерінің қиындықтарын көрсетпейді. Арасында мүгедектігі жайлы суырылып шығып, өз проблемасын өзгелерге айтуға ұмтылатындар аз. Өйткені, олар намысқой, шыншыл. Сондықтан да, бұл инклюзивті тақырып өте нәзік.
Бұл іс-шара рухани қолдау мен мейірімнің, ізгіліктің қаншалықты маңызды екенін тағы бір рет дәлелдеді. Волонтерлеріміз өз міндеттерін лайықты орындап, қайырымдылық концерті барысында алған әсерлерімен бөлісіп, өз өмірлеріндегі кемшіліктер мен артықшылықтарын сезіне алды. Олардың өмір сүру сапасын жақсарту, жұмыспен қамту мәселелері назардан тыс қалмауы қажет.
Ниязбек ОРАЗОВ,
Н.Құлжанова атындағы
Торғай гуманитарлық колледжі
Жастар ісі жөніндегі
комитеттің төрағасы,
Арқалық қаласы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.