Учительская плюс

Областная еженедельная общественная информационно-образовательная газета
Календарь
25/10/26 Воскресенье

Қайырымдылық – жүректен, мейірімділік – ниеттен

Выпуск - №41(737)   :   23.10.2026
93

1

Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі Жастар ісі жөніндегі комитетінің ұйымдастыруымен Арқалық арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында «Рухы биік жандар» атты қайырымдылық концерт өткізілді.

Ізгілік пен мейірімділікті ту еткен іс-шара орталық тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлау, жүректеріне жылулық ұялату және қоғамдағы адамгершілік құндылықтарды дәріптеуді көздеді. Концерт барысында жастар өнерлерін ортаға салып, әсем ән мен әсерлі өнер көрсетілімдерімен көрермендерге ерекше қуаныш сыйлады. Әр өнер нөмірі шынайы ықылас пен жүрек жылуына толы болды.

3

Кеш қонақтары жастардың өнерін жоғары бағалап, ризашылықтарын білдірді. Осындай игі бастамалар жастардың бойында қайырымдылық, жанашырлық, мейірімділік және үлкенге құрмет көрсету сияқты асыл қасиеттерді қалыптастырып, қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді. Өйткені өзгеге қуаныш сыйлап, көңіліне демеу болу – адамгершіліктің асыл көрінісі.
«Рухы биік жандар» қайырымдылық концерті өнер мен ізгілікті ұштастырып, көрермендердің жүрегіне жылулық ұялатқан тағылымды іс-шара болды. Жақсылық жасау – ізгілікке бастар жол. Кейде жүректен шыққан жылы сөз бен шынайы ықыластың өзі адамға қуаныш сыйлап, өміріне шуақ қоса алады!

2

Ниязбек ОРАЗОВ,
Н.Құлжанова атындағы
Торғай гуманитарлық колледжі
Жастар ісі жөніндегі
комитетінің төрағасы,
Арқалық қаласы

ГЛАВНЫЕ НОВОСТИ

Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар

2 дня назад в 13:48

Мәдениет

Путь, заданный великим учителем

3 дня назад в 14:44

Патриотическое воспитание

Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия

3 дня назад в 14:40

Профессиональное содружество

Эффективное взаимодействие педагогов и родителей

3 дня назад в 14:36

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

История первого детского сада Лисаковска

3 дня назад в 14:33

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

Актуально

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.