«Учительская плюс» облыстық газетінде жақсы бір дәстүр қалыптасқан. Жыл сайын басылымның оқырмандары арасында «Үздік автор» байқауы ұйымдастырылып, редакция тарапынан үздіктер анықталады.

«Басты талап қандай?» деп аса бас қатырудың қажеті жоқ. Қарапайым тілмен айтқанда, ең әлеуі, газетіміздің тұрақты оқырманы болуыңыз керек. Яғни, жылдық жазылымның түбіртегі қолыңызда болса, талаптың алғашқысынан өттім дей беріңіз. Алайда, байқаудың жеңімпазы атану үшін жазылымның болғаны аздық етеді. Тұрақты оқырман болып қана қоймай, газеттің бетінде авторлық мақалаларыңыз да жиі жарық көріп тұруы тиіс.
Көркем-публицистикалық жанрда суреттеу, очерк, фельетон жазар болсаңыз, көркем бейнелеулер, образдылық, эмоционалды әрекет арқылы оқырманға әсер ете білу қажет. Ал ақпараттық жанрда заметка, репортаж, сұхбат жазсаңыз, оның негізіне дерек, оқиға алынып, жедел түрде оқырманға жеткізу мақсаты көзделеді. Автордың талаптарды толық орындап жіберген мақаласына қоса суреттерінің сапасы да жақсы болса, редакциямызға келіп түскен мақалалармен жұмыс істейтін біздер үшін бұдан асқан бақыт болмас, сірә.

Сондай қаламы жүйрік авторлардың бірі – Ниязбек Оразов – Арқалық қаласындағы Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінде Жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы қызметінде. Биыл үздік деп танылған бес автор «Учительская плюс» газетінің редакциясы мен «Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ бірлесе марапаттады. Торғай гуманитарлық колледжінің басшысы Сандуғаш Алматова Ниязбек Рамазанұлына салтанатты рәсім аясында Дипломын табыс етті. Үздік авторымыздың қаламы мұқалмай, жазары таусылмасын деп тілейміз!
Жамал ШАУКЕН
Я с детства полюбила читать газеты, потому что они всегда были в нашей семье. И до сих пор, несмотря на обилие новых носителей информации, я больше всего люблю газету, особенно нашу, учительскую, за продуманный, взвешенный подход, за подробность и объективность, за особую атмосферу, которая возникает от неспешного листания страниц. И ещё нравится, что «Учительская плюс» входит в список изданий, рекомендованных министерством просвещения для размещения материалов аттестуемых педагогов. Это очень мотивирует!
«Учительская плюс» – это газета, которую читаешь не по обязанности, а с интересом. Здесь нет сухих отчётов. Есть живые истории учителей, полезные методические находки, опыт коллег со всей области. Каждый номер как подсказка и поддержка. Я очень люблю нашу газету за возможность рассказать о своей работе и узнать больше о работе своих коллег по всей области.
Спасибо редакции за то, что говорите с учителем на одном языке и вселяете веру в нашу профессию!