Халықаралық қарттар күнін үлкен кісілеріміз бен ардагерлеріміз сағынышты-сыпайы, үміт-ынтамен күтеді. Ең бастысы, сол күнгі басқосулары, бұл күнгі бір бірімен жүздесулері тіпті ерекше екені белгілі.

Қазақи қалпымызбен, салт-дәстүрімізге сай, бірінші кезекке: адаммен амандық-сәлемімізді, жүздесуді алдыңғы орынға қоятынымыз белгілі. Оны жақсылап атап өтіп, ардагерлеріміздің кешегі лайықты, тер төккен, қажырлы еңбегі, атқарған қызметтері мен жүріп өткен жолдарын қайта жаңғыртып, естеріне салу, қолдан келгенше сый-сыяпат жасап, жариялылықпен кейінгі ұрпаққа үлгі етудің шексіз пайдасы бар екеніне едәуір жылдан бері көзіміз әбден жетті.
Мерейлі мерекені өз деңгейінде атап өттік. «Қарттарым асыл қазынам» атауымен Халықаралық қарттар күніне орай еліміздің әр аймағында акциялар өткізілді. Жастар ісі жөніндегі комитетінің ұйымдастыруымен мерекеге орай қаламыздағы ардагерлер кеңесінің мүшесі Кәки Ақан Шәріпұлы ағамызды қарттар күнімен құттықтап, құрмет көрсеттік. «Қарты бар үйдің – қазынасы бар», – деп дана халқымыз айтқандай,үйінде қариясы бар жанұя – шынында да, қазыналы, берекелі. «Ақсақалы сиреген ауылдан ар, иман қашады» деген қанатты сөз де бар. Өйткені, кез келген қазақ шаңырақтағы ата-ана өз баласын үлкендерді сыйлауға тәрбиелейтіні ақиқат.
Біздерге үлгі-өнеге көрсетіп жүрген қарттармыз аман болсын! Қашанда үлкенді сыйлау, қарияны құрметтеу – қазақ халқының атадан қалған салтымыз екені белгілі. Елімізде қарт адамдарға деген ықылас жыл сайын артып, мемлекет тарапынан оларға көрсетілетін көмектің көлемі де ұлғайып келеді. Қайырымдылық акциясына өз үлесімізді қосып, қарттарға қолғанат болуды әрқайсымыз өзімізге борыш санауымыз керек.
Ниязбек ОРАЗОВ,
Н.Құлжанова атындағы
Торғай гуманитарлық колледжі
Жастар ісі жөніндегі
комитетінің төрағасы,
Арқалық қаласы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.