Кәсіби маман, білімді ұрпақ

Выпуск - №43(591)   :   23.11.2023
984

Арқалық политехникалық колледжінде дәстүрлі түрде қазанның 30-ы мен қарашаның 6-сы аралығында «Қызмет көрсету саласы пәндері» топтамалық әдістемелік комиссияның «Кәсіби маман, білімді ұрпақ – болашаққа нақты қадам!» атты апталығы өтті.

Білім алушылардың қызығушылығын арттыру барысында апталықтың алатын орны ерекше. Апталықтың негізгі мақсаты – арнайы және өндірістік оқыту сабақтарында оқытушылардың іс-тәжірибесімен бөлісу арқылы білім алушыларды мамандыққа деген қызығушылықтарын ояту, жан-жақты тұлға қалыптастыру. Оқытушылар кәсіби модуль бойынша төрт ашық сабақ, төрт топтан тыс іс-шаралар ұйымдастырды.

Апталықтың ашылуы колледж фойесінде өтіп, мәжіліс залында салтанатты рәсім концерттік бағдарламамен жалғасты. Апталық аясында оқытушы Н.Әлімжан, М.Жармағанбетов, Г.Қоқашова, А.Жапаргалиева ашық сабақ өткізді. Ашық сабақтар «ППП» әдісі, жұптық және жекелей жұмыс түрлері, интербелсенді тақтада демонстрациялық презентация және бейнероликтер арқылы, сонымен қатар «flippity», «word wall», «learning apps», «kahoot.com», «GPT нейрожелісі» сияқты түрлі ақпараттық-электронды технологияларды пайдалану арқылы өтті.

Апталықтың қызықты кезеңдерінің бірі – топтан тыс іс-шаралар. А.Руденко, А.Асылбекова, Т.Жұмақан, А.Дюсюкова, А.Нұрманбетова, Қ.Сейдалы мамандыққа байланысты топтан тыс іс-шаралар өткізді. Іс-шаралар барысы сайыс арқылы мәжіліс залында өткізіліп, білім алушылардың мамандыққа деген қызығушылықтары мен іскерліктерін көрсету арқылы қызықты интеллектуалды ойындарды заман талабына сай ұйымдастыра білді. Колледжімізде «Жақсылық жасауға асығайық» атты қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылып, студентер өздері жасаған бұйымдары мен тағамдарын сатып, жиналған қаражатқа аз қамтылған білім алушыларға материалдық көмек көрсетілді.

Еңбек нарығына сай мамандық таңдау – өте маңызды мәселе. Ал, «Қызмет көрсету саласы пәндері» топтамалық әдістемелік комиссия құрамы бүгінгі таңда нарыққа қажетті мамандықтарды қамтып отыр. Жастарға үлгі болатын арман, еңбек, сенім ұғымдарын басты мақсат етіп алса, олар армандаған мамандық иесі атанып, болашаққа сеніммен қарайды деген сенімдемін.


Тоғжан АХМЕТ,
Арқалық политехникалық
колледжінің «Қызмет
көрсету саласы пәндері»
топтамалық әдістемелік
комиссия төрайымы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.