Студенттердің кәсіби шеберліктерін шыңдау және үздіктерді анықтау мақсатында «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының 3, 4-курс арасында «Кәсіби шеберлік-2023» байқауы өткізілді.

Білім берудің қай саласында болмасын, кәсіби шеберліктің өлшемі білімге құштарлық пен дағды, арнайы білік және тынымсыз ізденіспен өлшенеді. Білім алушылардың кәсіби дайындығы оның шеберлігімен өндірістік тәжірибеде анықталады. Шынайы шеберлікке тек жаңашылдыққа талпыныс қана жеткізе алады. Осы қағиданы колледж студенттері жақсы меңгерген. Іс-шара оқу жылына жоспарланған облыстық «Worldskills-2024» байқауына қатысатын үміткерлерді анықтау мақсатын көздеді. Байқау тапсырмалары үш модульден тұрды.
Алдымен, қатысушылар «Сүйікті қалама қызықты саяхат» тақырыбында кіріктірілген сабақтың толық конспектісін жасап әрі шағын фрагменттерін «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының 1-курс студенттеріне үлкен шеберлікпен өткізді. Екінші модульде ересек топ балалармен қысқа мерзімді эксперименттік жобаны әзірлеу және ұсыну болды. Қатысушылар «Сүйем сені туған өлкем» тақырыбында қызықты да маңызды жобаны сәтті қорғай білді. Олардың жасаған көз тартатын керемет макеттері ерекше әсер қалдырды. Ал, үшінші модуль бойынша жаңашыл әдістерді тиімді қолдана отырып, дәстүрден тыс ата-аналар жиналысының конспектісін әзірлеу және фрагментін көрсету керек болды. Бұл күрделі тапсырманы да студенттер жаңа педагогикалық идеяларды тиімді қолдану арқылы жақсы орындады. Олар қолданған жаңашыл әдістер АКТ жабдықтарымен іске асырылды.
Шара барысында МДТ-04 тобының студенті Арна Раймова өндірістік тәжірибеде қолданған түрлі-түсті көрнекіліктерін бірінші курстың білім алушыларына шағын көрме жасап ұсынды. Байқау қатысушыларының қабілет-қарымын қаламыздағы №15 балабақшасының тәрбиешісі Д.Сұлтан мен бөлім меңгерушісі Ш.Құрманбаева бағалады. Нәтижесінде 1-орынды Перизат Ғанибекқызы, ал 2-орынды Дильназ Нағашыбай иеленді. Екеуі де МДТ-04 тобында оқиды. Қалған қатысушылар директордың Алғыс хатымен марапатталды. Алда үлкен «Worldskills-2024» дүбірлі шеберлік сайысы. Ендігі сенімді қадам осынау байқауға дайындықтан басталады. Жеңісті күндер шеберліктің шыңына жетелейді.
Индира ЖАЙЛАУБАЕВА,
Ы.Алтынсарин атындағы
Рудный әлеуметтік-
гуманитарлық колледжінің
арнайы пәндердің
оқытушысы
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.