Кәсіпке деген адалдық

Выпуск - №41(488)   :   23.10.2021
407

Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы мен Арқалық политехникалық колледжі «Кәсібімізге адалмыз» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Шараны ТжКББ ұйымдарының мазмұнын дамыту бөлімінің жетекшісі К.Алекешова ұйымдастырды.

Дөңгелек үстел қатысушыларының баяндамаларының біріктірген ортақ тақырыбы: «Қостанай облысының ТжКБ ұйымдарында дуальды оқытуы». Шара барысында Арқалық қаласындағы бірқатар колледж ұйымдары колледжімізде бас қосты. Дөңгелек үстел облыс көлемінде тікелей эфирде жүргізілгенін де айта кеткен жөн. Іс-шара арнайы бағдарлама бойынша таңғы тоғыз жарымнан басталып, сағат үшке дейін жалғасты. Әлеуметтік серіктестер А.Муканов, Т.Мажитов құттықтау сөз сөйлеп, «Дуальды оқытудағы әлеуметтік серіктестердің рөлі және колледжбен өзара байланыс» тақырыбында пікірлерімен бөлісті.

Дөңгелек үстелдің баяндамашылары ретінде Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі директордың ОӘЖ, ОӨЖ жөніндегі орынбасарлары К.Едресова, Б.Нұрғазиева, психолог А.Дакар; Арқалық медициналық колледжі директорының ОӨЖ жөніндегі орынбасары А.Досхожаева; Арқалық көпсалалы колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Н.Ахметжан қатысты. Өзіміздің Арқалық политехникалық колледжінен директордың кәсіптік оқыту жөніндегі орынбасары Г.Жайлаубаева «Арқалық политехникалық колледжінің дуальды оқыту бойынша білім алушыларды дайындау моделі» тақырыбында, директордың ТЖ жөніндегі орынбасары С.Ахметова «Жұмысшы мамандығының беделін арттыру, дуальды оқытудағы студенттердің кәсіпорында бейімделу мерзімін қысқарту» тақырыбында, Э-31 арнайы тобының студенті Ж.Тлеков «Дуальды оқыту – менің болашақта жұмысқа орналасуының кепілі» тақырыбында баяндамаларын ұсынды.

Өндірістік оқыту шебері ретінде жасаған менің баяндамамда «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша дуальды оқытуды іске асыру, кәсіптік тәжірибе бойынша білім алушылардың оқу үлгерімі, оқуда, спортта, ғылыми-ізденіс жұмысында, WorldSkills чемпионаттарындағы жетістіктері, өндірістік оқыту мен кәсіптік тәжірибемен ұштасуы, әлеуметтік серіктестермен бірігіп жасалған жұмыстар жайлы баяндадым. Дөңгелек үстел соңында жиналғандар дуальды оқыту жүйесінің қолданылуы «өте жақсы» деген пікірге тоқталып, артынша жиын шағын концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.


Нұргүл ӘЛІМЖАН,
Арқалық политехникалық
колледжінің өндірістік
оқыту шебері

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.