Кейкі батырға арналған квест-тур

Выпуск - №21(569)   :   17.07.2023
730

Арқалық қаласындағы Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінде Кейкі батыр рухына арналған «Кейкі батыр тағдыры, тарихы, тағылымы» тақырыбында студенттер арасында квест-тур ұйымдастырылды.

Квест-тур ойындарына Арқалық қаласындағы колледждерден 16 жастан асқан білім алушылар (4 студент) мен оқытушылар (1 жетекші) қатыстырылды. Облыстық білім басқармасының ТжКБ әдістемелік бөлімінің тапсырмасымен өткізілген шара Кейкі батырдың ұлты үшін өзін құрбан еткен ерлігі мен отаншылдық жолындағы ауыр тағдырын ұрпаққа үлгі ету, студенттерді Торғай өлкесінің тарихын, мәдениеті мен өмірін, тарихи тұлғалардың қазақ тарихындағы орнын зерделеуге және танымал етуге бағыттау, сондай-ақ туған жерге деген патриоттық сезімдерін арттыруға тәрбиелеу мақсатын көздеді.

Қаламыздағы тарихи орындарға 5 бекет жасақталды. Қатысушы командалар Кейкі батырдың өмірі мен тарихы жайлы сұрақтарға жауап беріп, тақырыпқа қатысты сөзжұмбақтар мен ребустар шешті. Квест ойындарының тапсырмаларында туристік жаттығулар да қамтылды. Шараның бір қиындығы сол: арақашықтықтары бірнеше шақырымды қамтитын барлық бекеттерді командалар жаяу аралады және тапсырмаларды орындау барысында ақпарат көздерін пайдалануға тыйым салынды. Әр бекеттегі төрешілер командалардың қолындағы бағалау парағына өз ұпайларын қойып, тапсырма орындауға кеткен уақытты енгізіп отырды. Ең соңғы бекеттен кейін командалар штабқа жиналып, бекеттерден жинаған ұпай сандарын тапсырып, әр бекетте берілген әріптерден «батыр» сөзін құрап шығарды.

Айта кету керек, әрбір топ құрамында капитан, PR-менеджері, картограф, эрудит, жетекші бекітілді. Әр қатысушы өз міндеттерін атқарды. Команда капитаны команданың жұмысын басқару, әзірлеу және бекіту, команданың іс-қимылын жоспарлап, барлық мүшелерінің қызметін бақыласа, PR-менеджер квест-турдың барлық кезеңдерін тіркейді және әлеуметтік желілерде посттар орналастырады. Яғни, ол командадағы ресімдеу жұмысын ұйымдастырушы әлеуметтік желілерде фотосуреттер мен тиісті ақпараттарды (уақыт, орын, хэштег) уақытылы орналастыруға жауапты. Бұл тұста әрине шығармашылық пен бірегейлік құпталады.

Команданың тағы бір маңызды мүшесі – картограф – нұсқаулыққа сәйкес карта бойынша маршрут жасайды. Сол арқылы команданы маршрут картасы бойынша бекеттерге адастырмай алып барады. Эрудит квест ойындарындағы тапсырмалар, сөзжұмбақтар мен ребустарды шешуде белсенділік танытып, әлеуметтік желіде пост жазу барысында PR-менеджеріне көмектесуі тиіс. Ал жетекші – командаға толық жауап беруші тұлға. Ол команданың өзін-өзі сезінуі мен жол бойындағы, квест барысындағы өмір қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Алғашқы аялдама – қаламыздағы №4 орта мектеп алдындағы «Кейкі батыр» ескерткішінің қасында – қатысушы командалар батырдың ескерткішіне қатысты 8 сұраққа жауап берді. Екінші аялдама – «Облыстық дала өлкесі мұражайы» алаңында – Кейкі батыр тарихына қатысты сөзжұмбақ шешті. Үшінші аялдамада ұжымды топтастыруға арналған тапсырмалар берілді. Қатысушылар командамен аз уақыттың ішінде ешқандай кедергіге соғылмай, өткелден өтуі керек болды.

Төртінші аялдамада командадар жазық далада, тығырықтан шығу мақсатындағы туристік тапсырмадан сынға түссе, соңғы аялдамада «Кейкі батыр» сөзі жасырылған ребус шешті. Осы 5 аялдаманы дұрыс тауып, мезгілімен өткен топтар «Квест тур» штабына оралып, бас төрешіге бағалау парақтарымен жолсапар бағдарларын тапсырды. Квест ойындарында барлық бекеттерден ең бірінші болып келген және тапсырмаларды орындауда жоғарғы ұпай санын көрсеткен команда жүлделі орынға ие болды.

Квест тур нәтижесі бойынша Бас жүлдені Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі иеленсе, 1-орынды Арқалық көпсалалы колледжі қанжығалады. Шараның 2-орынына Арқалық медицина колледжі лайық деп танылса, 3-орын Арқалық политехникалық колледжіне бұйырды. Квест ойындарының «Үздік капитаны» Камилла Насирилла (АПК), «Үздік PR менеджері» аталымын Райымбек Қуанышбай (АМК), «Үздік картограф» Мөлдір Қаби (ТГК), «Үздік эрудит» Әнуар Боранбаев (АЭК) марапатталды. Барлық қатысушылар Облыстық білім басқармасы басшысының дипломы мен естелік сыйлықтарымен марапатталды.

Кейкі батырдың тарихы мен өмір жолына арналған іс-шараның облыстық деңгейде ұйымдастырылуы тарихқа деген тағзым деп білеміз. Туған жердің тарихын білу – әр азаматтың басты міндеті.


Гүлхашима ОРАЗОВА,
Н.Құлжанова атындағы
Торғай гуманитарлық
колледжінің әдіскері,
Арқалық қаласы

Реклама

Не тот учитель, кто получает воспитание и образование учителя, а тот, у кого есть внутренняя уверенность в том, что он есть, должен быть и не может быть иным. Эта уверенность встречается редко и может быть доказана только жертвами, которые человек приносит своему призванию.
Если учитель имеет только любовь к делу, он будет хороший учитель. Если учитель имеет только любовь к ученику, как отец, мать, он будет лучше того учителя, который прочёл все книги, но не имеет любви ни к делу, ни к ученикам. Если учитель соединяет в себе любовь к делу и к ученикам, он совершенный учитель.