«Кел, шәй ішейік» акциясы

Выпуск - №3(651)   :   24.01.2025
608

1

Жыл сайын қайырымдылыққа негізделген игі істер қоғамда кең өріс алып келеді. Осы ортада жастардың белсенділік танытуы көңіл қуантады. Ы.Алтынсарин атындағы гимназия мектебі де жақсы істерден қалыс қалған емес, керісінше, ізгілік жолында ілгері басуда.

Жақында білім ордасының «Жас эколог» үйірмесінің ұйымдастыруымен «Кел, шәй ішейік» акциясы өтті. Іс-шара қаламыздың тазалығын сақтап, шаһарымыздың шырайын келтіргені үшін, «Тазарту – Арқалық» ЖШС қызметкерлеріне қолдау көрсету және тұрғындарға керемет көңіл-күй сыйлау және жастарға еңбек адамын бағалап, олардың жұмысына құрмет көрсету мақсатында ұйымдастырылды.

2


Акция барысында коммуналдық қызметкерлерге ыстық шай мен жаңа піскен бауырсақтар ұсынылды. Қыстың аязды күндерінде қала тазалығы мен тәртібін қамтамасыз етуде ерен еңбек етіп жүрген қызметкерлерге бұл ерекше қолдау болғаны рас. Іс-шараға арнайы 5 келіден астам бауырсақ пісірілді. Қаламыздың тұрғындары бұл акцияның қоғамдағы бірлікті нығайтуға және қарапайым еңбек адамдарына құрмет көрсетуге үлкен үлес қосқанын атап өтті. Тәтті бауырсақ пен шай таратылған қарапайым, бірақ жылулыққа толы іс-шара – Арқалық қаласындағы мейірімділік пен жанашырлықтың символына айналды.

3


Хәкім Абайдың он төртінші қара сөзінде: «Нағыз жүрек ісі – рақымдылық, мейірбандық және әртүрлі істе адам баласының бәрін өзіне тартып, бауырым деп, өзіңе ойлағандай болса игі еді», – дегені бар. «Жас эколог» үйірмесінің қатысушылары қаламыздың өміріне аса қажетті қызмет иелеріне тосыннан сый жасады. Расында, біреуге көмек көрсету үшін бай болып қажет емес, тек қана мейірімді жүрек пен таза ниет болса болғаны. Халқымыз қайырымдылықты қасиетті, қастерлі ұғым санаған. Сондықтан да, қоғамымызды ынтымақ пен қайырымдылық мекеніне айналдыру өзіміздің қолымызда.

Ниязбек ОРАЗОВ,
Ы.Алтынсарин атындағы гимназия мектебінің
«Жас эколог» үйірмесінің жетекшісі,
Арқалық қаласы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.