Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінде «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға бағытталған «Кітап такси» атты ерекше акция ұйымдастырылды.
Бастама жастарды кітап оқуға баулу, оқу мәдениетін қалыптастыру, рухани құндылықтарды дәріптеу және «Кітап оқитын колледж» тұжырымдамасын іс жүзінде жүзеге асыруға бағытталған. Өнегесі мол акцияға Арқалық қаласы әкімінің орынбасары М.Қ. Жұманов, Арқалық қаласы білім бөлімінің басшысы Е.Ж. Маметеков, Арқалық қаласындағы облыстық №2 әмбебап ғылыми кітапханасының басшысы С.А. Алматова және колледж оқытушылары қатысты.
Алғашқы қадамды колледж директоры бастап, өзі оқыған сүйікті кітабын «Кітап таксиіне» салып, қала әкімдігіне жолдады. Осылайша, бір кітаптан басталған білім мен ізденіске негізделген ерекше эстафета өз жалғасын тапты. Акцияның ең қызықты кезеңі – «Бір кітап – бір сапар» ұстанымымен ұйымдастырылған «Кітап таксиінің» қала мекемелеріне жасаған сапары болды. Ұйымдастырушылар Арқалық қаласының әкімдігіне, қалалық білім бөліміне және облыстық №2 әмбебап ғылыми кітапханаға арнайы барып, мекеме басшылары мен мемлекеттік қызметшілер арасында кітап алмасу рәсімін өткізді.
Қатысушылар өздері оқыған кітаптарын ұсынып, бір-біріне жаңа шығармаларды таныстыру арқылы кітап оқу эстафетасына үлес қосты. Сондай-ақ іс-шара барысында «Бір мақал айтып, бауырсақ ұтып ал!» атты танымдық сайыс ұйымдастырылды. Қатысушылар кітап пен білімге қатысты мақал-мәтелдерді айтып, тапқырлықтары мен білімдерін ортаға салды. Белсенділік танытқандар дәмді бауырсаққа ие болып, акцияның көтеріңкі көңіл-күйде өтуіне үлес қосты.
«Кітап – білімнің кілті. Біздің мақсатымыз – әр адамның кітап оқуға деген қызығушылығын ояту. «Кітап такси» – бұл жай ғана кітап тасымалдау емес, бұл – білім мен парасаттылыққа апарар жол. Бір кітап – мың мүмкіндіктің бастауы!», – деп атап өтті колледж директоры. Айта кетейік, тағылымды бастаманы колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлхашима Оразова, колледж кітапханашысы Екатерина Қолдасбаева, колледж психологы Айнұр Бақытқызы және Жастар ісі жөніндегі комитеттің төрағасы Ниязбек Рамазанұлы ұйымдастырды.
«Кітап такси» акциясы – кітап оқуды насихаттаудың тың тәсілі ғана емес, қоғамда оқу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама. Осындай игі істер арқылы кітапқа деген құрмет артып, жастардың рухани әлемі байи түсетіні сөзсіз. Өйткені кітап оқитын ұрпақтың ой-өрісі кең, танымы терең, болашағы жарқын!
Ниязбек ОРАЗОВ,
Н.Құлжанова атындағы
Торғай гуманитарлық колледжінің
Жастар ісі жөніндегі
комитетінің төрағасы,
Арқалық қаласы
Вот уже семь лет я тесно сотрудничаю с областной газетой «Учительская плюс». Могу с уверенностью сказать, что это одно из самых подходящих изданий не только для педагогов, но и в целом для всех работников сферы образования. Для меня особенно ценно то, что подписавшись на газету, я как полноценный журналист могу освещать все интересные события, которые проходят в нашем Центре дополнительного образования. Мы всегда получаем своевременный отклик на наши письма. За этим, конечно же, стоит огромный труд всего коллектива «Учительской плюс». Хочу пожелать газете процветания, благодарных читателей и сохранения своего неповторимого стиля!
Для меня счастливо сплелись преподавание русского языка и литературы в школе и возможность проявить себя в журналистике. Работая со словом, я на страницах газеты могу выразить свои мнения, размышления, впечатления, поделиться достижениями коллег, учеников. Освещаю активную профсоюзную деятельность в образовательной сфере города Рудного. С удовольствием пишу и о спортивных мероприятиях, потому что сам неравнодушен к спорту. И очень приятно, что мои творческие порывы находят признание и в редакции, и у читателей «Учительской плюс».