Елімізде қабылданған ТЖ байланысты білім беру орындарының барлығы қашықтан білім беру жүйесіне көшті. Ахмет Байтұрсынов атындағы ҚМУ да сол жүйеде жұмысын бастап кетті. Оқытушылар мен студенттер тарапынан туындаған сұрақтарға оқу орын ректоры брифинг барысында жауап берді.
Жаңа жүйедегі жұмыс
Бүгінде А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде барлығы 4500-ге жуық студент қашықтан оқиды. Олардың 3000-ы Moodle жүйесінде жұмыс істесе, қалғандары мессенджерлер арқылы байланысып, тәжірибелерден өтуде. Ахаң атындағы қара шаңырақтың ректоры Алма Дощанованың айтуынша, университеттің қашықтан оқыту технологияларын қолдануда 10 жылдық тәжірибесі барына және 2017 жылы ҚМУ қашықтан оқыту технологиясын жүзеге асыру тәжірибесі бойынша Қазақстандағы ең үздіктердің бірі болып танылғанына қарамастан, білім алушылардың барлығын бұл жүйеге көшіру оңай болмады.
Студенттер мен оқытушылар мамандандырылған Moodle жүйесі негізінде қашықтан оқыуда. Аталмыш жүйеде студенттер офлайн режимде курстар оқып, бағалауға арналған бақылау тапсырмаларын орындайды. Ал онлайн оқыту үшін Etutorium және Zoom платформаларын, жедел байланыс үшін электрондық пошталар мен мессенджерлерді қолдануда. Moodle жүйесінде бұл күні 4600-ден астам пайдаланушы тіркелген. Онда білім беру мазмұны мен бағалау материалдары бар 2300-ге жуық веб-курстар әзірленіпті. Одан бөлек студенттер мен оқытушыларға университеттің кітапханалық ресурстарына, отандық және жалпыға танымал халықаралық электрондық мәліметтер базасы да қолжетімді.
Кері байланыс бар
Қашықтан оқыту мәселелері бойынша әдістемелік және техникалық қолдау бойынша университетте арнайы Call-орталығы құрылып, 8 (714 2) 93-10-10 телефон нөмірі бойынша қоңырауларды қабылдайды. Туындаған мәселелерге уақытылы жауап беру үшін ректор әр аптаның бейсенбі күндері студенттермен, ал жұма күндері оқытушыларымен онлайн-конференция өткізіп отыратындығын жеткізді. Ниет білдірушілердің барлығы оған TRUECONF бейнеконференция жүйесі арқылы қосыла алады. Ал психологиялық кеңес беріп, осы тұрғыдағы кең ауқымды сұрақтарға жауап беру үшін ҚМУ Психология және инклюзивті білім беру орталығы онлайн режимде жұмыс істейді.
Тағы бір сұрақ – ғаламторға қосылу бойынша. Цифрлық дәуірде ғұмыр кешіп жатсақ та, кейбір елді-мекендерде аталмыш мәселе әлі де өзекті. Сондай қажеттілік болған жағдайда студент жастардың университет жатақханасында қалып, білімін ары қарай жалғастыруына мүмкіндігі бар. Университеттің қос жатақханасы да ғаламторға қосылған компьютерлермен жабдықталған. Мәселен қазіргі уақытта университет жатақханасында қалған 4 студент білімін ары қарай қашықтан жалғастыруда. Карантин жағдайында оларға азық-түлік қорапшалары беріліп, денсаулығын бақылау мақсатында медициналық пунктте қаралу мүмкіндігі бар. Оқытушылар кейбір пәндер үшін қашықтан оқыту режимінің қажет екендігіне көз жеткізді. Болашақта оқытудың көп бөлігі онлайн курстарға ауысуы да әбден мүмкін.
Төтенше жағдайға байланысты жанұя асыраушылары табыс көздерінен айырылып, баласының оқуына төлей алмайтын жағдайға тап болып жатса, университет ректоры студенттердің жағдайына түсіністікпен қарайтындығын атап өтті. «Биылғы оқу жылында, қиын қаржылық жағдайға қарамастан, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардан шыққан студенттерге қысқы сессия басталғанға дейін жыл сайынғы барлық соманы төлеу туралы келісімшарттық талаптарға қарамастан, төлемдерді кейінге ұзартуға мүмкіндік табылғанын атап өткен жөн», – деді ректор.
Емтихан және сессия
Қашықтан білім алу барысында сессия мен емтихан жұмыстарының қалай өткізілетіндігі студенттер мен оқытушылар қауымын алаңдатады. Әлбетте төтенше жағдай аяқталғанша сессия қашықтан, яғни онлайн режимде өтеді. Оның алғашқы түрі – компьютерлік тестілеу арқылы, екінші түрі – оқытушы мен студенттің онлайн бейнебайланысы арқылы. Дегенмен алғашқы нұсқасына басымдық берілетіндігін жеткізді ректор. Мамыр айында басталатын мемлекеттік емтихандар мен дипломдық жұмыстардың формаларына келетін болсақ, бұл мәселе әлі де талқылану үстінде.
– Келе жатқан сессияда біз мыңға жуық емтихан тапсыруымыз керек. Қашықтан емтиханға дайындық барлық қатысушылардың жұмысын нақты ұйымдастыруды қажет етеді. Сессияның сәтті өтуі студенттердің берілетін тапсырмаларды кешіктірмей орындап, уақытылы тексеруге тапсыруына байланысты болады, – деп атап өтті Алма Дощанова.
Университет жанынан құрылған әскери кафедраға келетін болсақ, оның жұмысы елдегі ахуал жақсарғанға дейін көшірілді. Апта басында Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасындағы төтенше жағдайдың мерзімін ұзарту туралы» №306 Жарлыққа қол қойды. Оған сәйкес Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төтенше жағдай 2020 жылдың мамыр айының 1-і күнгі сағат 7:00 ге дейін ұзартылды.
Жамал ШАУКЕН
Областная образовательная газета «Учительская плюс» – это настоящая педагогическая копилка. В одном номере можно увидеть работу самых разных учителей со всей области, разные направления, почерпнуть ценный опыт. Можно, конечно, что-то и в соцсетях прочитать, но там надо искать, заходить к каждому на страничку отдельно, а газету открываешь – и всё костанайское образование перед тобой, вся наша учительская жизнь. Я с удовольствием рассказываю о своей работе, о своих методах, об успехах моих воспитанников. Газета помогает мне делиться своими идеями и вдохновляться работами коллег.
Думаю, что безо всякой агитации каждый учитель, воспитатель, психолог должен иметь газету «Учительская плюс». Как без неё узнавать, как работают ваши коллеги, что нового в методике преподавания, поделиться своим опытом?
В своё время, будучи завучем средней школы, я обобщала лучший опыт учителей своей школы, знакомила их опытом работы других, и вообще не представляю педагога без настольной газеты «Учительская плюс» и своего предметного журнала, откуда черпаешь все новинки методической работы.
Поэтому совет вам, дорогие молодые коллеги: не опоздайте выписать, не останьтесь без профессиональной помощи газеты «Учительская плюс»!