Колледж аруы байқауы өтті

Выпуск - №20(467)   :   24.05.2021
763

Ақтөбе облыстық жастар мен балалар ұйымдары қауымдастығының ұйымдастыруымен техникалық кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында республикалық «Колледж аруы-2021» байқауы өткізілді. Оған қатысқан Арқалық политехникалық колледжінің студенті Камилла НАСИРИЛА 1-орын иегері атанды.

Қашықтан ұйымдастырылған байқауды өткізу арқылы қыз баланың жан сұлулығы мен тән сұлулығын қатар алып жүрудің мағыздылығын түсіндіру көзделді. Байқауға кастинг жарияланып, орта арнаулы орындардан 100-ге жуық қыздарымыз қатысты. Іріктеу комиссиясының шешімімен 16-25 жас аралығында сыр-сымбаты келіскен, бойында өнер-білімі толысқан 17 аруымыз таңдалып, келесі кезеңге өтті.
Республикалық онлайн байқаудың шешуші сынында қыздарымыз 5 кезең бойынша бақ сынады. Атап айтқанда, «Мен қазақтың қызымын», «Менің өнерім» «Таңғажайып киім», «Ұлттық нақыштағы көйлектер дефилесі» және соңғы шарты әлеуметтік желіде дауыс жинау арқылы өтті. Әділ қазылар алқасының шешімі бойынша «Колледж аруы-2021» байқауының бірінші орын иегері ретінде Арқалық политехникалық колледжінің «Электрлік және электромеханикалық жабдықтар түрлері бойынша» мамандығының 1-курс білім алушысы Насирила Камилла Қобыланқызы танылды. Оған сыйлыққа бағалы француз әтірі және сертификат табысталса, колледж басшысы мен жетекшілеріне Алғыс хат берілді.


Аталмыш байқауда қолдау көрсеткен колледж басшысы Алмас Карбозовке, Камиллаға бағыт-бағдар берген ұстаздары Алданыш Байжумина мен Салтанат Хамзинаға рақмет айтамыз. Сонымен қатар жалпы колледж ұжымы мен барша жанашыр жандарға алғысымызды білдіреміз! Сондай-ақ «Колледж аруы-2021» байқауының ұйымдастырушылары «Ақтөбе облыстық жастар мен балалар ұйымдары қауымдастығы» ЗТБ төрағасы Жандос Табылғанов пен көмекшісі Уәлихан Бағдаулетовке алғыс білдіреміз. Алдағы уақытта да түрлі бағыттағы байқаулар ұйымдастырылып тұрса игі.

Аман ҚУАНЫШОВ,
«Art_team-APK» Жастар ісі
жөніндегі комиттет белсендісі,
Колледж президенті,
Арқалық қаласы

 

ГЛАВНЫЕ НОВОСТИ

Путь, заданный великим учителем

Вчера в 14:44

Патриотическое воспитание

Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия

Вчера в 14:40

Профессиональное содружество

Эффективное взаимодействие педагогов и родителей

Вчера в 14:36

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

История первого детского сада Лисаковска

Вчера в 14:33

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

Актуально

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.