Колледж қабырғасында жыл үздіктері анықталды

Выпуск - №50(497)   :   12.01.2022
460

Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінде жыл сайын студенттер арасында жыл үздіктерін анықтауға бағытталған колледж жастарының «Алтын кітабына» енушілерді марапаттау рәсімі өтеді. Дәстүрлі шара биыл да жалғасын тапты.

Алтын кітапқа лауреттар 5 номинация бойынша іріктеледі. Олар: білім саласында жеткен жетістіктері үшін; спорт саласында жеткен жетістіктері үшін; мәдениет және өнер саласында жеткен жетістіктері үшін; жас көшбасшы; жас ғалым. Үміткерлер «Алтын кітіпқа» енгізіліп, колледждің «алтын жастары» мәртебесіне ие болады.

Биылғы «Алтын кітап» иегерлерін марапаттау рәсімі ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келді. Бұл шараның басты мақсаты – зияткерлік, шығармашылық, спорттық, ғылыми, өндірістік салаларда ерекше жетістіктерге қол жеткізген, мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға үлес қосқан білім алушыларды ұлықтау, оларға құрмет көрсету арқылы алға өсіп, дамуға ынталандыру. Сондай жастарымызды марапаттау үшін қаламызда мәдениет, спорт, білім саласында қол жеткізген мәртебелі жетістіктері бар танымал тұлғалар шақырылды.

Ыбрай Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының тарих және өнер факультетінің деканы, философия ғылымдарының кандидаты Гүлбаршын Конкина, Қазақстан Республикасы мәдениет саласының үздігі, жасөспірімдер театрының бас режиссері Алия Салыкова, қазақ күресінен спорт шебері, Республикалық деңгейдегі жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы, «Жігер» стадионының басшысы Рүстем Шалабаев кештің құрметті қонағы ретінде қатысты. Колледж директоры Сандуғаш Алматова өз лебіздерін білдірді. Қаламызға танымал тұлғалардың қолынан марапат алу – марапатталушыларды одан да әрі шабыттандырды.

Бағдарлама басында «Алтын кітаптың» барлық 17 иегерін қол жеткізген жетістіктерімен қызыл кілем үстінде қарсы алдық. Олар алдын ала дайындалған құрметті орындарға жайғасып, жалпы колледждің «Алтын кітабы» жобасының қалай құрылғандығы жайлы шағын көріністы тамашалады. Тарихқа шолу жасалған соң, шақырылған құрметті қонақтарға сөз беріліп, «Алтын кітап» иегерлеріне сертификаттар мен «алтын жастар» мәртебесін анықтайтын статуэткалар табысталды. Шара студенттердің алдағы бастамаларына шабыт бергені хақ.

«Ел ертеңі – жастар» десек, олардың бастамаларына қолдау көрсетіп, ынталандырып отыру – олардың ертеңгі үлкен жітістікке жетуіне себеп болары анық. Шараның басты көздеген идеясын бір ауыз мақалмен түйіндеуге болады: «Болам деген баланың бетін қақпа, белін бу». Олай болса сондай жастардың көзіндегі жалынды сөндіріп алмай, шабыттандыру – аға буынның парызы екенін ұмытпайық.


Гүлхашима ОРАЗОВА,
Н.Құлжанова атындағы
Торғай гуманитарлық
колледжі директорының
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,
Арқалық қаласы

Реклама

Областная образовательная газета «Учительская плюс» – это настоящая педагогическая копилка. В одном номере можно увидеть работу самых разных учителей со всей области, разные направления, почерпнуть ценный опыт. Можно, конечно, что-то и в соцсетях прочитать, но там надо искать, заходить к каждому на страничку отдельно, а газету открываешь – и всё костанайское образование перед тобой, вся наша учительская жизнь. Я с удовольствием рассказываю о своей работе, о своих методах, об успехах моих воспитанников. Газета помогает мне делиться своими идеями и вдохновляться работами коллег.

Думаю, что безо всякой агитации каждый учитель, воспитатель, психолог должен иметь газету «Учительская плюс». Как без неё узнавать, как работают ваши коллеги, что нового в методике преподавания, поделиться своим опытом?
В своё время, будучи завучем средней школы, я обобщала лучший опыт учителей своей школы, знакомила их опытом работы других, и вообще не представляю педагога без настольной газеты «Учительская плюс» и своего предметного журнала, откуда черпаешь все новинки методической работы.
Поэтому совет вам, дорогие молодые коллеги: не опоздайте выписать, не останьтесь без профессиональной помощи газеты «Учительская плюс»!