Учительская плюс

Областная еженедельная общественная информационно-образовательная газета
Календарь
25/10/26 Воскресенье

Колледжде педагогикалық оқу өтті

Выпуск - №46(442)   :   20.11.2020
398

Тәрбие мәселесі бұл күндері де аса өзекті. Сондықтан болар, таяуда Қостанай педагогикалық колледжінде өткен педагогикалық оқулар ағартушы, педагог Ыбырай Алтынсариннің негізінен осы қырын ашуға арналды.

Қостанай педагогикалық колледжінде ағартушы, жаңашыл педагог, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсаринді еске алуға арналған педагогикалық олимпиадалар мен педагогикалық оқуларды жыл сайын өткізу дәстүрге айналды. Елімізде өрын алып отырған қазіргі ахуалға байланысты биылғы оқу жылында педагогикалық оқулар онлайн форматта өткізілді.
Аталмыш оқулар педагогикалық ғылымды насихаттау, мұғалім мәртебесін көтеру, студенттердің зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін ашу, олардың өзін-өзі тәрбиелеуі және ұйымдастыруы үшін жағдай жасау, студенттерді, колледж оқытушыларын педагогикалық мұраны зерттеуге кеңінен тарту міндеттерін көздейтінін айта кеткен жөн.
Педагогикалық оқулар бес бағыт бойынша ұйымдастырылады. Атап өтсек, бірінші бағыт – Ы.Алтынсариннің әдеби мұрасы, екінші бағыт – Ы. Алтынсариннің жас ұрпаққа тәрбие беру жүйесі, үшінші бағыт – ағартушының мектепке дейінгі және бастауыш білім беру жүйесіндегі халықтық педагогика идеялары, төртінші бағыт – ағартушы, педагогтің білім беру педагогикасы және соңғы бесінші бағыт – Ы.Алтынсариннің ғылыми қызығушылықтары.
Жоғарыда айтып өткеніміздей, колледжімізде білім алатын барлық мамандық студенттері тарапынан ұсынылып, қазылар алқасының назарына алынған баяндамалар дана тәлімгер шығармаларының тәрбиелік қырлары мен сырларын жан-жақты ашуға арналды. Сонымен қатар Қостанай педагогикалық колледжі білім мазмұнына рухани-адамгершілік тәрбиесін интеграциялау бойынша пилоттық оқу орны санатында болғандықтан, биылғы оқулардың маңызы еселене түскенін айтып өткен абзал.
Мәселен, М-41 тобының студенті Д.Төлепованың өз мақаласын «Ы.Алтынсарин шығармалары – ұлттық тәрбиенің алтын діңгегі» деп атауының өзінен-ақ болашақ маманның бұл тақырыпты бекер қозғамағанын, материалын көпшілік талқысына ұсынуынан оның мәселеге терең бойлап, барынша нанымды ашуды мақсат екенін аңғардық. Қазылар алқасының мүшелері тарапынан жақсы бағаланған баяндамалар авторлары ретінде жүлделі орындарға ең көп балл жинаған 19 студент ие болды.
Олар: Шолпан Ибраева (ғылыми жетекшісі Н.Арыстан), Жамиля Шопанова (ғылыми жетекшісі Д.Елеусизова), Элина Хайдукаева (ғылыми жетекшісі Н.Диннер), Зайнура Болих (ғылыми жетекшісі Д.Тулепова), Алсу Иржанова, Мария Михайлова, Диана Сұлтанбекова (ғылыми жетекшісі З.Шагатаева), Ангелина Фогель (ғылыми жетекшісі Б.Сыздықова), Сабина Подъячева (ғылыми жетекшісі А.Молдабаева) және тағы басқалар.
Ыбырай Алтынсарин қозғаған тақырыптардың өзектілігі қазіргі күні артпаса, кеміген емес. Ағартушының шығармашылығы мен өмір жолымен таныса түскен сайын оның асыл мұрасының қазірі заманмен үндестігін анық байқаймыз. Басылымның өткен санында осы тақырыпта көлемді мақаламыз жарияланған-тын. Анық бір білеріміз: жастарға өнегелі мирас қалдырған ұлт ұстазының шығармашылығын танып қана қоймай, тағылымдарын тәжірибе барысында жан-жақты қолдансақ ләзім.


Пиалаш СҮЙІНКИНА,
Ы.Алтынсарин медалінің
иегері, ыбырайтанушы,
Сәндібала БАЕКЕНОВА,
Қостанай педагогикалық
колледжінің әдіскері

 

ГЛАВНЫЕ НОВОСТИ

Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар

2 дня назад в 13:48

Мәдениет

Путь, заданный великим учителем

3 дня назад в 14:44

Патриотическое воспитание

Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия

3 дня назад в 14:40

Профессиональное содружество

Эффективное взаимодействие педагогов и родителей

3 дня назад в 14:36

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

История первого детского сада Лисаковска

3 дня назад в 14:33

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

Актуально

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.