Колледждерге түсу тәртібі таныстырылды

Выпуск - №25(522)   :   25.06.2022
1296

Тағы бір оқу жылы аяқталып, колледждерге жаңа оқу жылына құжаттарды қабылдау маусымның 25-інен басталмақ. Соған орай колледждерге оқуға қабылдаудың тәртібімен және ережелерімен таныстыру мақсатында арнайы брифинг өткізілді.

Кашенова Айнур Данияровна

Алқалы жиынға «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы Айнур Кашенова, Қостанай педагогикалық колледжінің директоры Галия Уразамбетова, Қостанай автомобиль көлігі колледжінің директоры Дмитрий Павленко, Қостанай қызмет көрсету саласы колледжінің директоры Дина Жанарстанова, Қостанай тұрмыстық сервис колледжінің директоры Айгуль Нуркина, Қостанай жоғары медициналық колледжінің директоры Айгерим Оспанова, Қостанай ауыл шаруашылығы колледжі директорының ОӨЖ жөніндегі орынбасары Адильбек Бошанов қатысты.

Білім басқармасының өкілі Айнур Данияровна ұсынған мәліметтерге сүйенсек, облыста мемлекеттік тапсырыс бойынша контингенті 23 мың адамды құрайтын 34 колледж жұмыс істейді. Оның ішінде 16 мың 509 адам, яғни барлық білім алушылардың 72%-ы бюджеттік негізде оқиды. Колледждерде 80-нен астам мамандық бойынша оқыту жүргізіледі. Олардың қатарында: ауыл шаруашылығы, құрылыс, педагогика, медицина, қызмет көрсету, өнер және мәдениет, машина жасау саласының мамандықтары және басқа да бағыттар.

Құжаттарды қабылдау мерзімі

– жұмысшы мамандықтарына – маусымның 25-інен тамыздың 25-іне дейін;
– орта буын және қолданбалы бакалавр мамандарына – маусымның 25-і мен тамыздың 18-і аралығында 9-сынып негізінде, маусымның 25-і мен тамыздың 20-сы аралығында 11-сынып және ТжКБ негізінде;
– шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтар бойынша – маусымның 25-інен шілденің 20-сына дейін;
– педагогикалық, медициналық мамандықтар бойынша – маусымның 25-інен тамыздың 15-іне дейін.

Оқуға түсуге қажетті құжаттар

1) құжаттарды қабылдау туралы өтініш;
2) білімі туралы құжаттың түпнұсқасы;
3) көлемі 3х4 см болатын 4 дана фотосурет;
4) №075-У нысанындағы медициналық анықтама (тіркелген жері бойынша – тегін алынады),
– І және ІІ топтағы мүгедектер мен бала кезінен мүгедектер үшін 031-У нысаны бойынша Медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысы;
5) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін).

Қабылдау комиссиясының жұмысы

Колледждер Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, көрсетілетін қызметті берушінің белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді. Ал портал бойынша құжаттарын тапсырамын дегендер болса, порталдың тәулік бойы жұмыс істейтінін еске саламыз.


Жамал ШАУКЕН

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.